Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте тәуелсіздік күніне орай мәдениет үйі ел игілігіне берілді

Шымкентте тәуелсіздік күніне орай мәдениет үйі ел игілігіне берілді
Фото: "Шымкент келбеті" газеті

Шымкент қаласындағы Сайрам ықшам ауданында ел Тәуелсіздігінің 32 жылдық мерейтойына орай, Мәдениет  үйі пайдалануға берілді. Заманауи талаптарға сай бой көтерген екі қабатты ғимаратта кітапхана да орналасқан. Сондай-ақ, мұнда 10-ға жуық үйірме  жұмыс жасайтын болады. 
 
Сайрам ықшам ауданына қарасты Ақбұлақ елді-мекенінде мәдениет үйінің ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Сәбитов қатысып, тұрғындардың қуанышына ортақтасты.
"Бүгін еліміздің ерекше аталып өтілетін мерекесі қарсаңында, халық игілігіне беріліп отырған мәдениет үйі осындағы тұрғындар үшін расында үлкен қуаныш.Көп жылдар бойы шешімін күткен мәселе, мемлекеттік қолдаудың арқасында жедел шешімін тапты. Көптеген қуанышты сәттердің куәсі болатын өнер иелерінің ошағы ізгіліктер мен жақсылықтарға тола берсін" ,-деп атап өтті аудан басшысы Арман Сәбитов.
Ақбұлақтағы мәденеиет үйіне қатысты мәселе бірнеше жылдан бері көтеріліп келген.  Былтырғы жылы аудан басшылары бұл тірлікті қолға алып,  «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасына ұсыныпты.  Жоба аясында қаржысы қаралып, құрылыс жұмыстары уақтысында жүргізілген.
Заманауи талаптарға сай бой көтерген екі қабатты ғимаратта ауыл өнерпаздарынан бөлек, балаларға да барлық жағдай жасалған. Олар үшін мұнда 10-ға жуық үйірме жұмыс істейді деп жоспарланып отыр.  Сондай-ақ, мәдениет үйінде 11 мыңға жуық қоры бар кітапхана да оқырмандарға қызмет етпек.

Бүгінде  аудан бойынша жалпы 31 мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетуде. Оның ішінде мәдениет үйлерінің саны 10. Ақбұлақ ауылындағы бұл ғимарат 11-ші клуб болып іске қосылып отыр. 6 мыңға жуық тұрғыны бар ауылда, алдағы уақытта спорт кешенін салу жоспарланып отыр екен. Биылғы жылдың тағы бір қуанышты жаңалығымен бөлісе кетейік, ауылда заман талабына сай білім ошағы салынған.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады