Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда «Ақжайық – шеберлер қаласы» атты қолөнер жәрмеңкесі өтті

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Орал қаласы күніне орай және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Ақжайық – шеберлер қаласы» атты қолөнер  жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкенің ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары Е.Галиев қала тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтап, жәрмеңкеге белсене қатысуға шақырды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

10 күнге созылып, аймақтағы мәдени әр алуандықты сақтау және халық шеберлерінің жетістігін жалпы жұртшылыққа таныстыру мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкенің ашылу салтанатында қалалық мәдени ағарту бірлестігінің жанындағы аула клубтары мен комьюнити орталықтарының өнерпаздары өнер көрсетті.

Түрлі қолөнер бұйымдары жұртқа паш етілген жәрмеңкеге Батыс Қазақстан өңірінiң қолөнер шеберлерімен қатар, Қырғызстан Республикасының қолөнершiлерi, Орынбор  мен Ақтөбе қаласының шеберлерi келiп қатысты. Аталмыш шара барысында «Домбыра-дастан», «Ерке-наз», «Николушка» ансамбльдері аспапта ойнап, «Шабыт», «Айгөлек» би ансамбльдері әсем билерімен мерекелік шараға көрік берді. Ән мен сазды ерекше бағалайтын өнер сүйер қауым концерттік бағдарламадан соң қолөнершілер жәрмеңкесімен тамсанды.


Жақында 10 күнге созылған Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ақжайық - шеберлер қаласы» қолөнер бұйымдары көрмесінің жабылу салтанаты өтті. Бүгінде еліміздің жасыл қаласына айналған қаламыздың туған күніне орайластырыла өткізілген «Ақжайық – шеберлер қалашығының» жабылу салтанаты тиісті дәрежеде өтті.

«Ақжайық – шеберлер қаласы» көрмесіне Батыс Қазақстан облысы әкімі Ғали Есқалиев қатысып, қолөнер шеберлері мен суретшілердің туындыларымен танысты. Сонымен қатар қолөнер шеберлерінің туындыларына жоғарғы бағасын берді. Атаулы шарада Орал қаласы әкімінің орынбасары Е.Галиев сөз сөйлеп шаhар тұрғындары мен қонақтарын қала күнімен құттықтап, 10 күн бойы көрмеге қатысқан қолөнер шеберлеріне алғыс айтып, арнайы алғыс хаттармен марапаттады. Шара барысында «Мәдени-ағарту бірлестігі» МКҚК қарасты балалар аула клубы мен комьюнити орталықтарының тәрбиеленушілері мен үйірме жетекшілері жиылған жұртшылыққа мерекелік концерт ұсынды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты