Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте 10 мың абонентке талшықты оптикалық желі жеткізілген

Шымкентте 10 мың абонентке талшықты оптикалық желі жеткізілген
Фото: pixabay.com

Қала тұрғындарына интернеттің қолжетімділігін арттыру бағытында талшықтық оптикалық желінің маңызы зор. Биыл қалада 20 елді мекенге осындай желіні тарту жоспарланған. 
 
Бүгінгі күні 16 елді мекенге желі тарту жұмыстары аяқталды. Осылайша Қайнарбұлақ пен Бозарық саяжайы,Нұршуақ, Бозарық шағынауданының жаңақұрылысы, Ынтымақ -1,2, Оңтүстік, Самал-1, Кіші Самал, 112-орам, Карл-Маркс, Тассай, Тараз, Шапағат, Асар-2 және Мирас шағынаудандары талшықты оптикалық желімен қамтылған. Қалған 4 елді мекенде желі тарту үшін қажетті құрал-жабдықтарды монтаждау жұмыстары қазір атқарылып жатыр. Жыл соңына дейін 300 мыңнан астам қала тұрғыны оптикалық желінің игілігін көреді.

Бүгінге дейін қала орталығын оптикалық желімен қамту ісінде 4 белсенді компания болса, 2021 жылдан бастап қала нарығына 3 компания қосылды. БАҚ өкілдері ат басын бұрған нысанның бірі – шалғай елді мекендерді талшықты оптикалық желімен қамтуда инвестициялық жобаларды жүзеге асырып отырған «Ilink.net» компаниясы. Бұл компания бүгінге дейін 7 шағынауданды оптикалық желімен қамтыған.

Негізінен, оптикалық желіні елді мекендермен салыстырғанда қала орталығына тарту әлдеқайда тиімді. Өйткені бірнеше көпқабатты үйдегі пәтер саны бір шағынаудан халқына пара-пар. Мұндай жерге компаниялар аз шығынмен көп абонентке ие болады. 2024 жылы Жайлау мен Қорғасын-1,2 шағынаудандарына талшықты интернет жеткізу жоспарланып отыр. Әр жаңа шағынауданға желі жүргізген сәтте алғашында тұрғындар оң көзқарас таныта қоймайды. Алайда бұл мәселені түрлі акция мен бонустар арқылы шешілуде. Осындай маркетинг тәсілдердің арқасында оң нәтижеге қол жеткізілуде.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты