Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте 5-G технологиясымен 126 базалық станция орнатылды

Шымкентте 5-G технологиясымен 126 базалық станция орнатылды
Фото: pixabay.com

Шымкент қаласы тұрғындарына интернеттің қолжетімділігін арттыру бойынша талшықты оптика желісімен қамту жұмыстары атқарылуда. Биыл қалада 20 елді мекенге осындай желіні тарту жоспары енгізілген. 

Бүгінде 16 елді мекенге желі тарту жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, Қайнарбұлақ пен Бозарық саяжайы, Нұршуақ, Бозарық шағынауданының жаңақұрылысы, Ынтымақ-1,2, Оңтүстік, Самал-1, Кіші Самал, 112 орам, Карл-Маркс, Тассай, Тараз, Шапағат, Асар-2 және Мирас шағынаудандары талшықты оптикалық желімен қамтылған. Қалған 4 елді мекенде желі тарту үшін қажетті құрал-жабдықтарды монтаждау жұмысы атқарылып жатыр.

Жыл соңына дейін 300 мыңнан астам қала тұрғыны оптикалық желінің игілігін көреді. Шымкент қаласында мобильді байланыс пен интернетпен қамту бағытында 3 компания белсенді жұмыс атқаруда. Олар – «Kcell» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «МобайлТелекомСервис» ЖШС-і. Аталған компаниялар арқылы қала аумағына 1200-ден астам базалық станция орнатылған.

Қала аумағындағы мобильді байланыс және интернет сапасын жақсарту мақсатында биыл бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, 5-G технологиясымен 126, 4-G технологиясымен 102 базалық станция орнатылып, 96 базалық станция модернизациядан өтті. Орнатылған базалық станциялардың қуаттылығының жетіспеушілігіне орай, биыл 9 айдың қорытындысы бойынша 46 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады