Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрысынан Қарулы Күштердің чемпионаты аяқталды

Қарулы Күштердің XVIII спартакиадасы аясында әскери қызметшілер арасында Алматыдағы Орталық спорт клубының базасында армиялық қоян-қолтық күресінен чемпионат өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Кіл мықтының қатарынан көріну үшін әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың, сондай-ақ әскери оқу орындардың атынан 15 команданың 132 спортшысы қатысты.


Эпидемиологиялық ахуалға байланысты чемпионат көрерменсіз өтті, ал жекпе-жекті бақылауға ниеттілер Facebook пен Instagram әлеуметтік желілеріндегі ОСК-ның ресми аккаунттары арқылы онлайн-трансляция режимінде тамашалады.


Биылғы 25 ақпанда Бірыңғай Спорт күнінде ақтық жекпе-жек өтті. Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов чемпионатқа қатысушыларды қарсы алды, ол армиялық қоян-қолтық ұрыстың дамып келе жатқанын және оның жауынгерлерді даярлаудағы маңызын атап өтті.


Турнир қорытындысы бойынша өз салмақ дәрежесінде капитан Аман Шәкіртов (55 келіге дейін), аға лейтенант Архат Баяхметов (60 келіге дейін), ефрейтор Отар Нұрбек (65 келіге дейін), ефрейтор Ержан Олжас (70 келіге дейін), қатардағы жауынгер Еркінғали Бүркітәлин (75 келіге дейін), аға лейтенант Бақтияр Қожахметов (80 келіге дейін), сержант Жанболат Рағшаұлы (85 келіге дейін), аға сержант Арман Ерменбет (90 келіге дейін), капитан Жасұлан Мүсіркенов (90 келіден жоғары) жеңімпаз атанды.


Жалпы командалық есепте бірінші орынды 14776 әскери бөлімі, екінші орынды «Батыс» өңірлік қолбасшылығы, ал үшінші орынды – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы алды.


Қорғаныс министрі, Бүкіл қазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының төрағасы, генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев чемпионаттың жеңімпаздары мен қатысушыларына құттықтау жолдады.


Армиялық жекпе-жек ұрысы Қарулы Күштердегі ең танымал спорт түрі ғана емес, сондай-ақ әскери қызметшілердің жауынгерлік дағдыларын арттырудың, дене дайындығын жетілдірудің, моральдық-психологиялық тұрақтылықты нығайтудың тиімді құралы екенін  атап өтті.


Қорғаныс ведомствосының басшысы қатысушылардың барлығы жоғары шеберлік пен жеңіске жетуге деген күш-жігерді танытқанын, қатысушылар жетістікке жету үшін бар күшін-жігерін салғанын, алайда спорт болған соң жеңімпаздар мен жеңілгендер болатынын айта кетті.


Қорғаныс министрі жеңімпаздар мен жүлдегерлерді осы жетістігімен тоқтамай, әрі қарай шеберліктерін жетілдіретініне сенетінін, ал бүгін сәтсіз нәтиже көрсеткендер болашақта табысқа жету жолында күш-қайратын аямай, жеңіс тұғырынан көрінуге тілектестігін жеткізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді