Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ТЖМ қолайсыз ауа райы кезіндегі қауіпсіздік туралы ескертеді

ТЖМ қолайсыз ауа райы кезіндегі қауіпсіздік туралы ескертеді
Фото: pixabay.com

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес желтоқсан айында ауа райының жиі өзгеруі күтілуде. Кейбір аудандарда қар көп жауып, боран болады деп болжануда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады, тұман, көктайғақ, екпіні секундына 15-30 метрге дейін немесе одан да көп жел соғады деп күтілуде. Жауын-шашын тоқтап, тұрақсыз болған ауа-райы аязға ауысады.

7-15 желтоқсан аралығында суық арктикалық ауа массасының келуімен еліміздің барлық аумағында ауа температурасы:

- Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде -39°С, күндіз -35°С дейін;

- Ұлытау, Абай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында түнде -35°С, күндіз -30°С дейін;

- Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында түнде -23°С, күндіз -20°С дейін;

- Қызылорда облысында түнде -20°С дейін, күндіз -15°С дейін;

- Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында түнде -25°С дейін, күндіз -17°С дейін, таулы аудандарда түнде -30°С дейін, күндіз 15°С дейін;

- Атырау, Маңғыстау облыстарында түнде -18°С, күндіз -12°С дейін күрт төмендейді.

ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Дауыл туралы ескертулер жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар.

Ауа-райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар.

Қатты жел болған жағдайда жақын маңдағы ғимаратта немесе қауіпсіз жерде жасырыну қажет. Ағаштардан, ілулі тұрған конструкциялардан, электр желілерінен және билбордтардан аулақ болыңыздар.

Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.

Қатты аяз техногендік өрттердің көбеюіне ықпал етуі мүмкін. Осыған байланысты біз жоғары қуатты электр құрылғыларын бір уақытта қосу арқылы пештерді қыздырмауға немесе электр желілерін шамадан тыс жүктемеуге кеңес береміз.

Автокөлік иелеріне ашық оттың көмегімен автомобильдерді жылыту қаупі туралы еске саламыз.

Барлық оқиғалар туралы 112 немесе 101 телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты