Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда қазан айында ауа райы қандай болады

Қазақстанда қазан айында ауа райы қандай болады
Фото: pixabay.com

Бірінші онкүндікте атмосфералық фронттардың жиі өтуімен жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің екпіні 15-23 м/с күшейеді, 3-4 қазанда республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады, түнде таулы аймақтарда жаңбыр жылбысқы қарға айналуы мүмкін, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Тек кей күндері ғана республика бойынша күн жылы әрі ашық болады.

Бірінші онкүндікте ауа температурасы жоғарылайды деп күтілуде:

батыста түнде +3+8°С-тан +7+12°С-қа дейін, күндіз негізгі фон +20+27°С;

оңтүстік-батыста түнде +7+15°С-тан +12+17°С-қа дейін, күндіз +22+27°С-тан +24+29°С-қа дейін;

республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, шығысында түнде 0,+7°С-тан, жекелеген аудандарда 3 градус аяздан +5+12°С-қа дейін, күндіз +10+15°С-тан +17+22°С-қа дейін;

елдің оңтүстігінде негізгі фон түнде +5+13°С, күндіз +20+25°С-тан +25+30°С-қа дейін жоғарылайды;

ҚР оңтүстік-шығысында ауа температурасының түнде +5+13°С-тан +3+9°С-қа дейін, күндіз +18+25°С-тан +13+21°С-қа дейін, таулы аудандарда түнде 0,-5°С-тан 0,+5°С-қа дейін, күндіз +5+10°С-тан +10+15°С-қа дейін ауытқуы күтілуде.

Онкүндіктің соңында күндізгі ауа температурасының төмендеуі болжанады:

еліміздің солтүстік жартысында +8+13°С-қа дейін, оңтүстік өңірлерде +17+25°С-қа дейін,

оңтүстік-шығыс аймақтарда керісінше +22+27°C-қа дейін ауа райы жылынады.

Екінші онкүндіктің басында елдің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Айдың ортасында бұлтсыз ауа райы және температураның жоғарылауы күтіледі.

Айдың соңында республиканың барлық аумағында суық ауа райының кезекті толқыны болжанады, жаңбыр, жылбысқы қар, тұман мен көктайғақ құбылыстары, екпінді жел болжанады.

Ауа температурасы төмендейді:

батыс өңірлерде түнде -5-10°С-қа дейін, күндіз +15+20°С-тан +3+8°С-қа дейін;

республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнде 0,+5°С-тан -7-12°С-қа дейін, күндіз +11+16°С-тан -3-8°С-қа дейін;

ҚР оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде +7+12°С-тан -2-7°С-қа дейін, күндіз +18+23°С-тан +5+10°С-қа дейін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда