Дс, 12 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Вена қаласында Интерпол Бас Ассамблеясының 91-сессиясы болып өтті

Вена қаласында Интерпол Бас Ассамблеясының 91-сессиясы болып өтті
Фото: Бас прокуратура

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің және Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық Орталық бюросының өкілдері Венадағы (Австрия) Интерпол Бас Ассамблеясының 91-сессиясының жұмысына қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Ағымдағы жылы Бас Ассамблеяға 160 елдің құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Интерполдың арнайы жұмыс тобы активтерді іздеу және қайтару бойынша жаңа «Күміс бюллетень» және «Күміс хабарлама» құралдарын енгізу бойынша пилоттық жобаны таныстырды.

Жоба 2024 жылы іске қосылады. Аталған құрал қатысушы елдерге қылмыстық активтерді табуға, тексеруге, тыйым салуға және тәркілеуге мүмкіндігін береді деп күтілуде. Қазақстандық делегация бұл жобаға қатысуға дайын екендігін мәлімдеді.

Бас Ассамблеяның «алаңдарында» Активтерді қайтару жөніндегі комитеттердің өкілдері Интерполдың Қаржылық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес орталығының (INTERPOL Financial Crime and Anti-Corruption Centre) жауапты офицерлерімен кездесулер өткізді.

Шетелдегі қылмыстық активтерді қадағалау, олардың бенефициарлық иелерін тексеру және оларды қайтару тетіктерін әзірлеу бойынша ақпарат алмасудың бірлескен алгоритмі әзірленді.

Бұдан басқа, Австрия, Молдова, Латвия, Түркия және басқа елдердің Интерпол өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізілді.
Заңсыз иемденілген активтерді қайтару міндетінің мәнмәтінінде қылмыстық активтерді заңдастыруға, сыбайлас жемқорлыққа, салық төлеуден жалтаруға және басқа да қаржылық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша ынтымақтастық туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді