Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанға жыл соңына дейін 180 млрд теңгенің активтері қайтарылады

Қазақстанға жыл соңына дейін 180 млрд теңгенің активтері қайтарылады
Фото: pixabay.com

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі комиссия жыл соңына дейін мемлекетке 180 млрд теңгенің активтерін қайтаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы комиссия құрамындағы Антикор өкілі Қанат Сүлейменов мәлім етті.

“Елге жыл соңына дейін 180 млрд теңгенің активтерін қайтару көзделіп отыр. Оның ішінде көлік те, ақша да, өзге мүліктер де бар”, – деді Сүлейменов. 

“Қай елдерден?” деген сұраққа ол Франция, БАӘ мен Түркияны атады. 

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда Активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылды. Комитеттің функцияларына активтер туралы ақпаратты мониторингілеу және талдау, активтердің шығу көздерінің заңдылығын тексеру, комиссияның шешімі бойынша арнайы тізілімге енгізілген адамдардан активтерді ашып көрсету туралы декларацияларды қабылдау және қарау кіреді.

Сондай-ақ, қайтарылған активтерді басқаратын компания құрылды. Басқарушы компанияның міндеттері – мемлекетке қайтарылған активтерді оның атынан меншігіне қабылдау, мемлекет кірісіне айналдырылған активтердің сақталуын және ұсталуын қамтамасыз ету, активтерге билік ету, активтерді өткізуден түскен қаражатты арнаулы мемлекеттік қорға аудару.

Қаржылық мониторинг агенттігінің есебінше, жыл басынан бері мемлекетке жалпы сомасы 217 миллиард теңге болатын активтер қайтарылды. 

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді