Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылордалық жедел уәкілдер бұзақылық жасаған күдіктіні ұстады

Қызылордалық жедел уәкілдер бұзақылық жасаған күдіктіні ұстады
Фото: polisia.kz

Қызылордалық жедел уәкілдер бұзақылық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 29 қараша күні сағат 19:00 шамасында қала аумағында, Ы.Жақаев көшесінде болған. Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерге бейтаныс азаматтар келіп, сөйлесу барысында өзара жанжалдасқан. Бейтаныс адамдардың бірі екі жасөспірімді өткір затпен жарақаттап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Жәбірленушілерге медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылды.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы күдіктінің жеке басын анықтап, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бұрын соттылығы бар 19 жастағы азамат ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігімен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Аталған баптың санкциясымен күдіктіге қатысты үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді