Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте жер асты өткелдері қолданысқа берілді

Шымкентте  жер асты өткелдері қолданысқа берілді
Фото: pixabay.com

Шымкент қаласы аумағында орналасқан ірі сауда орындары маңында көлік кептелісі жиі орын алатын. Әсіресе, шаһардағы «Алаш», «Бекжан» базарлары көлік ағыны жоғары, халық көп шоғырланатын аумақ болып саналады. Сондықтан, биыл сауда орындары маңына А-2 автомобиль жолы мен Темірлан тас жолы бойында үш жер асты өткелінің құрылысы қолға алынған болатын.

Мегаполистің басшысы Ғабит Сыздықбеков «Алаш» базары  маңындағы жаяу  жүргіншілер өткелдерін аралап, жаңа нысандардың сапасын тексерді. Құрылысы жарты жылда жүргізілген жер асты өткелдері халық игілігіне қолданысқа берілді. Енді осы аумақтағы жаяу жүргіншілердің қатынауы жеңілдеп, көлік кептелісі азаятын болады. Темірлан тас жолы арқылы өтетін жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің ұзындығы 42,5 метр, ені 6,1 метр, биіктігі – 2,65 метр. Жобаға сәйкес, А-2 автомобиль жолындағы өткел ұзындығы — 36,5 метр, ені 6,8 метр, биіктігі 2,6 метрді құрайды. 

Қала басшысы аудан әкіміне жаңа нысандарды күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Ал тиісті басқарма басшысына жүріп-тұруы қиын тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша нақты тапсырма берді.Айта кетейік, қазір «Бекжан» базары маңында А-2 автомобиль жолы арқылы өтетін жер асты өткелінің құрылыс-монтаж жұмыстары да аяқталуға жақын.Өндірістік кестеге сәйкес нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.Айта кеткен жөн, қазіргі таңда қала аумағында көлік кептелісін болдырмау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары мықтап қолға алынған. Жыл сайын жаңарып келе жатқан мегаполис мүмкіндіктерін осылайша оңды іске асырып отыр. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді