Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде 5G енгізу жеделдетіліп, 2000 ауыл мектебі Starlink жоғары жылдамдықты интернетке қосылады

Елімізде 5G енгізу жеделдетіліп, 2000 ауыл мектебі Starlink жоғары жылдамдықты интернетке қосылады
Фото: primeminister.kz

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте 5G технологиясын енгізу және шалғай елді мекендердегі мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бүгінде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында байланыс операторларының 800-ден астам 5G базалық стансасы орнатылғанын баяндады.

Бұл ретте технологияны енгізуді жеделдету үшін байланыс стансаларын іске қосу мерзіміне айтарлықтай әсер ететін реттеуші бірқатар кедергілерді жою қажет. Бұл жабдықты монтаждау рәсімдерін жеңілдетуге, санитариялық ережелерді халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге, жер телімдерін уақтылы беруге және т.б. қатысты.

Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында 5G желісін енгізу жұмыстары 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс екенін еске салды. Осыған байланысты Премьер-Министр артық әкімшілік кедергілерді жедел жойып, халықты сапалы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты.

Сондай-ақ жиында биылғы қазан айында 10 ауылдық мектеп SpaceX компаниясының Starlink технологиясы арқылы тестілік режимде кең жолақты интернетке қосылғаны айтылды. Бұл желідегі деректерді беру жылдамдығы секундына 200 Мбит-ке жетеді.

Жалпы, осылайша, республиканың шалғай елді мекендеріндегі 2000 білім беру нысанын жоғары жылдамдықты интернетке қосу жоспарланып отыр. Аталған жұмыс шеңберінде тиісті жабдықтарды жеткізу және оларға техникалық қызмет көрсету жүзеге асырылатын болады.

Премьер-Министр заманауи байланыс желілерін енгізумен қатар ауыл мектептеріне арналған білім беру бағдарламаларын дамытуға назар аудару қажет екенін баса айтты. Атап айтқанда, жаңа цифрлық форматтар мен тәсілдер арқылы оқушылардың белсенділігін және жалпы білім беру үдерісінің тиімділігін арттыруға болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді