ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ (РҒБО) өкілдерінің қатысуымен Аршалы ауданында орнатылған Интернеттің сапасына оқиға орнында тексеру жүргізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Бүгінгі таңда ҚР ЦДАӨМ мен «РҒБО» АҚ-мен цифрлық теңсіздікті жою бағдарламасы аясында 176 ауылдық елді мекенді кең жолақты желіге ғарыш ресурстары негізіндегі геостационарлық спутниктік көлік желісі арқылы қол жеткізу «KazSat» байланыс жүйелері арқылы қосты.
«РБҒО» АҚ өкілі ауыл тұрғындарына Красное озеро және Родники ауылдарында «KazSat» спутниктері арқылы Интернетке қосылу қалай ұйымдастырылғанын айтып берді. Жиынға осы ауылдар кіретін Ақмола обылысы Аршалы ауданы Тургень ауылдық округінің әкімі Шырғанбаев Азамат қатысты.
«Интернетке қолжетімділік KazSat-3 ғарыш аппаратының спутниктік байланыс арналары арқылы көліктік байланыс негізінде ұйымдастырылған, әр ауылда спутниктік абоненттік терминалға кіру аймағы бар. Елімізде осындай 500-ден астам ауыл бар. Біз 2024 жылы барлық ауылды интернетке тиісті деңгейде қосамыз деп жоспарлап отырмыз. Осылайша, біз ең алдымен осы ауылдардың тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсетуге мүмкіндік береміз, өйткені оларда бұл жағынан мүмкіндік жоқ. Олар облыс орталықтары мен қалаларды аралауға мәжбүр болды. Мемлекеттік қызметтерден басқа, банктік қызметтер, барлық қосымшалар арқылы жұмыс істейді. Бүгінде біз жоғары сұранысты көріп отырмыз, өйткені бұл елді мекендерде орташа тұтыну айтарлықтай жоғары, бір айда шамамен терабайтты пайдалана алатын рекордсмендер де бар. Сондықтан бұл бастама жалғасын табады»,- деп атап өтті «РБҒО» АҚ Сату және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Абзал Алиев.
Кездесуден кейін ауыл тұрғындары Интернет қызметтерін пайдалануға мүмкіндік бергені үшін ҚР ЦДАӨМ мен «РҒБО» АҚ өкілдеріне алғыстарын білдірді.
Красное озеро ауылының тұрғыны Фармаил Байрам оглы Гусейнов енді ауыл тұрғындары енді Интернетті пайдаланып, бүкіл әлеммен байланыса алатынын айтты.
Родники ауылының жергілікті тұрғыны Андрей Шевченко: «Бұрын ауыл тұрғындары қоңырау шалу үшін төбеге жүріретін, ал қазір кино көріп, банк қызметтерін пайдалана алады».
Айта кету керек, аталмыш қызмет 176 ауылдық тұрғындарына тегін көрсетіледі. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин атап өткендей, олар енді қажетті мемлекеттік қызметтерге, электронды банкингке және бүгінгі таңда сұранысқа ие басқа да қызметтерге қол жеткізе алады.
2024 жылы интернетпен қамтылған ауылдық елді мекендерді заманауи спутниктік технологиялар арқылы қосу жалғасады. Еліміздің шалғайда орналасқан тағы 328 ауылдық елді мекенді қосу жоспарланып отыр.
Бүгінде Үкімет «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын бекітті, оның негізгі мақсаты – халықты кемінде 100 Мбит/с жылдамдықпен Бүкіләлемдік желіге кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету.