Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ауыл тұрғыны сотталуы мүмкін

СҚО-да полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ауыл тұрғыны сотталуы мүмкін
Фото: polisia.kz

СҚО-да полиция қызметкеріне шабуыл жасағаны үшін ауылдың жас тұрғыны сотталуы мүмкін, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

20 қазан күні кешке қарай СҚО Ақжар ауданының полиция бөліміне ауылдардың біріндегі мейрамханаға келген азаматтардың бірі төбелес шығарды деген қоңырау келіп түсті. 23 жастағы жергілікті тұрғын шақыртуға келген полиция қызметкерлерінің көзіне түсті. Медициналық куәландыру нәтижесі орташа күйдегі алкогольдік масаңдықты көрсетті. Жас жігіт уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылды. Оған қатысты материал жинау барысында дөрекілік көрсетіп, жанжал шығара бастады. Полиция қызметкерлерінің жанжалды доғару туралы заңды талабын елемей, ашу үстінде тәртіп сақшыларының бірінің басына соққы жасаған.

– Полиция қызметкерлері тұрғынның қолына кісен салуға мәжбүр болды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бұл бапта билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты не қызметтік міндеттерді орындағаны үшін одан кек алу мақсатында оған немесе оның жақындарына қатысты себептер бойынша өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану көрсетілген. Баптың санкциясына сәйкес 4 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 1 мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 2 жылдан 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген, – дейді аудандық ПБ бастығы Еркін Махметов.

Бұдан бөлек, ауылдағы мейрамханада бұзақылық әрекеттерін жасағаны үшін ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша іс қозғалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті