Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Үтікпен ұрып, білегін тістеп алған”: Ақсуда мас тұрғын полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбаған

“Үтікпен ұрып, білегін тістеп алған”: Ақсуда мас тұрғын полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбаған
Фото: pixabay.com

Ақсуда мас тұрғын полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай, басынан үтікпен ұрып, білегін тістеп алған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақсу қаласында сағат 21:00-де қала тұрғыны полицияға хабарласып, Қамзин көшесіндегі пәтердегі отбасылық жанжал туралы хабарлап, көмек сұрағаны белгілі болды. Аталған мекенжайға учаскелік полиция инспекторы жіберілді. Полиция қызметкері келген соң, қала тұрғыны мас күйінде жанжал шығарып, өзін агрессивті ұстаған ұлына шағымданған.

– Ер адам полиция қызметкерінің заңды талаптарын елемей, агрессивті әрекет етіп, полиция қызметкеріне қарсылық көрсетті. Ол үтікпен учаскелік полиция қызметкерінің басынан соғып, білегінен тістеп алды. Көмек көрсету үшін көрсетілген мекенжайға автопатруль жіберілді. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша ер адам алкогольдік мас күйінде болды, осы жағдайды анықтау үшін құқық бұзушы полиция бөліміне жеткізілді, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 380-бабы 3-бөлігі (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес оның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін адам қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп есептеледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды