Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мас жүргізуші мен оның жолаушысы ұрланған квадроциклде ақмолалық полицейлерге қарсылық көрсетті

Мас жүргізуші мен оның жолаушысы ұрланған квадроциклде ақмолалық полицейлерге қарсылық көрсетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға ағымдағы жылдың 18 тамызында сағат 00.30-да Бурабай ауданында болған.

Ақмолалық полицейлер квадроциклдің 45 жастағы жүргізушісін және оның жолаушысын ұстады, олар алдымен автожолда жарыс ұйымдастырып, полицейлерден қашып құтылуға тырысты, содан кейін ұсталған кезде былапыт сөйлеп, полицейдің бейнетіркегішін зақымдап, қарсылық көрсетті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері “Бурабай-Воробьевка” автожолында бұған дейін 17 тамызда ұрланғаны туралы арыз келіп түскен “CF” маркалы квадроциклді байқады.

Мас күйінде автожолда жол жүрісіне басқа да қатысушыларына қауіп төндіре отырып, қауіпті жүрген.

Ер адам полицейлердің тоқтау туралы талаптарын елемей, жылдамдығын арттырды. Қауіпті жол жүрудің нәтижесінде қаскүнем рөлге ие бола алмай қалып кюветке шықты.

Одан әрі, ұсталған кезде квадроцикл жүргізушісі бұрын ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша, 192-бабы (Қарақшылық) бойынша сотталған Нұр-Сұлтан қаласының 45 жастағы тұрғыны және оның жолаушысы Қостанай қаласының тұрғыны болып шықты. Кейін жүргізілген сараптамаға сәйкес, ауырлығы орташа алкогольдік масаң күйде патрульдік полицейлерге дене жарақатын салуға тырысты.

Полиция қызметкерлерінің шебер әрекеттерінің арқасында тәртіп бұзушылар ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, жедел-тергеу тобына тапсырылды.

Қазіргі уақытта Бурабай АПБ тергеу бөлімі ҚР ҚК 200-бабының 2-бөлігі (Автомобильді заңсыз иемдену) бойынша сотқа дейінгі іс бастады, сонымен қатар ҚР ҚК 380-бабының 2-бөлігі бойынша полиция қызметкеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде қарсылық көрсету және оған қатысты зорлық-зомбылық қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін жүзеге асыру кезінде олардың заңды талаптарын орындамауы, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау кезінде полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 379, 380-бабында көзделген қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді