Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да биыл полицейлерге қатысты күш қолданудың 13 оқиғасы тіркелді

Петропавлда полицейлерге қатысты күш қолданған ер адамның бір жылға бостандығы шектелді. Жалпы биыл өңірде тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетудің 13 фактісі тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz


Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл полицейлері ерлі-зайыптыны тыныштандыру үшін олардың қолына кісен салуға мәжбүр болды. Оқиға сағат 07:00 шамасында, қаладағы дәмханалардың бірінің жанында болған. Ішімдікке есірген ер адамның қылығына полицияның әрекет етуі қажет болды. Қоғамдық тәртіпті бұзушы медициналық куәландырудан өту туралы заңды талапты орындаудан бас тартты, ал әйелі полиция қызметкеріне жармасып, білегінен тістеп алған.


«Екеуінің де қолына кісен салуға тура келді. 38 жастағы қала тұрғыны сотталды. Сот оның қылмыстық жауапқа алғаш рет тартылып отырғанын ескеріп, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады және осы мерзімге пробациялық бақылау орнатты», - дейді СҚО ПД тергеу басқармасының бастығы Қайрат Қасымбеков. ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабына сәйкес, билік өкілдеріне қатысты өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдануға 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.


«Билік өкіліне қатысты күш қолдану – ауыр қылмыстық құқық бұзушылық, ол үшін қатаң жауапкершілік қарастырылған. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай жағдайлардың басым көпшілігі көбіне полиция құқық бұзушылардың маскүнемдік әрекеттерін тоқтатып, оларды медициналық куәландыруға жеткізген кезде жасалады. Ішімдікті асыра сілтеген адамның өз әрекеттеріне жауап бере алмай қалады», - дейді Қайрат Қасымбеков.


Жыл басынан бері СҚО-да полицейлерге қатысты күш қолданудың 13 фактісі тіркелді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады