Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қайрат Боранбаев мемлекетке 90 млрд теңгенің активтерін қайтарды

Қайрат Боранбаев мемлекетке 90 млрд теңгенің активтерін қайтарды
Фото: Zakon.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыруға байланысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, тергеу шеңберінде жалпы құны 90 млрд теңгеден асатын активтерді, оның ішінде: мұнай кен орнын, газ тарату компаниясын, сервис саласындағы кәсіпорынды, қонақ үй және сауда-ойын-сауық кешендерін, фитнес орталықтар желісін, кеңсе үй-жайларын және басқа да активтерді мемлекет меншігіне ерікті түрде қайтару жөнінде шаралар қабылданды.

“Сондай-ақ, Қ.Боранбаев Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды. Осы объектілердің барлығы мемлекеттік органдар мен компаниялардың балансына беріліп, болады, ал ақшалай қаражат білім беру инфрақұрылымын дамыту үшін пайдаланылатын болады”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Қ.Боранбаев табиғи газ импорты кезінде қаражатты жымқыру эпизоды бойынша тергеу аясында 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығынды өтеген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, наурыз айында Боранбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Боранбаевтың сенімді өкілі Роман Наханов, сондай-ақ "QazaqGaz "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзақта  8 жылға сотталды.

Тамызда Астана қалалық сотында Қайрат Боранбаевтың ісі бойынша апелляциялық келісім қаралды. Отырыста  кәсіпкер кінәсін мойындап, залалды өтегісі келетінін мәлімдеген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда