"2023 жылғы 3 қаңтарда сағат 20-30-да Республикалық жедел-құтқару жасағы тобының және Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағының күшімен Бартоғай су қоймасы жағынан Фесенков атындағы Астрофизика институтының обсерваториясына жетпей 40-қа жуық автокөлік табылды. Адамдардың саны анықталуда, алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ. Жоғалып кеткен 7 адамнан тұратын отбасы да сол жерде екен. Көбінің машинасында жанармай таусылып қалған. Қазіргі уақытта құтқарушылардың күшімен автокөліктерге жанармай құю және адамдарды машиналарымен колонна арқылы эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде", - делінген министрлік хабарламасында.
Сонымен қатар ведомство аман-есен табылған отбасы мүшелері жоспарланған туристік маршруты туралы облыстық ТЖД-ға ескертпегенін атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 3 қаңтарда сағат 08:00-де Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті кезекші бөлімінің пультіне Еңбекшіқазақ ауданында Шелік ауылынан 80 шақырым жерде, таулы аймақтағы Бортоғай су қоймасында 7 адамнан тұратын отбасы (төрт ер адам, екі әйел адам және бала) жоғылып кеткені туралы хабарлама келіп түскен еді. Олар 2023 жылдың 2 қаңтарында екі көлікпен Алматыдан Асы үстіртіне қарай жолға шығып, үйлеріне оралмаған. Жоғалған адамдарды іздеу жұмыстарына Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, Республикалық жедел-құтқару жасағы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, аудандық ішкі істер бөлімі мен еріктілер жұмылдырылған. Министрлік бұдан бөлек, әуе кемесін тарту жоспарланғанын айта кетті, алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты бұл мүмкін болмаған.
4-01-2023, 14:04
Алматы облысында жоғалып кеткен отбасы аман-есен табылды
Алматы облысында жоғалып кеткен 7 адамнан тұратын отбасы дін аман табылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында.
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз