Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы тауларында жоғалып кеткен аустралиялық туристің мәйіті табылған

Алматы тауларында жоғалып кеткен аустралиялық туристің мәйіті табылған
Фото: 4sport.ua

Республикалық жедел-құтқару жасағы Алматы тауларында жоғалып кеткен Аустралия азаматының денесін тапты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәйіт Аюсай шатқалындағы бірінші сарқыраманың жанынан табылды.

Алдын-ала мәлімет бойынша, 2023 жылғы 21 мамырда 1995 жылы туған Аустралия азаматы Үлкен Алматы шатқалына қарай кеткен.

Полиция департаментіне оның жоғалып кеткенін хостелде бірге тұрған Ресей азаматы хабарлаған.

Жоғалған адамды соңғы рет әріптесі көрген. Оның айтуынша, олар Алматыға 20 мамыр таңертең туристтік мақсатта келген. 22 мамырда таңғы сағат 7-де туристтер кері ұшып кетуі керек болған, бірақ құрбысы әуежайға жалғыз барыпты.

Туристті іздеуге Республикалық жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының жедел тобынан 6 адам және 1 кинологиялық бригада жіберілген.

"Сағат 23:40-та олар іздеуге кірісті. 2:40-та Республикалық жедел-құтқару жасағы қызметкерлері мен полицейлер ғарыш станциясына көтеріліп, беткейлерді, төмен қарай түсіп, құбырдың оң және сол жағын тексерді. Көлдің оң жағын шарлап шықты, ол жақтан табылған жоқ. Үлкен Алматы көлінде түнде ауа райы қолайсыз болды, жаңбыр, қар жауып, қатты жел соқты", – деп хабарлады Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі.

Сағат 10:45-те кезекті ауыстыру үшін 10 адамнан тұратын топ келіп, сағат 11:15-те Ғарыш станциясы маңында іздеу жұмыстарын жалғастырған.

Құтқарушылар екі топқа бөлініп іздеген: бірі Аюсай шатқалы бағытында, екіншісі Проходное шатқалы бағытында. Іздеу жұмыстары кезінде қар, жаңбыр жауып, тұман түсіп, ауа райы қолайсыз болған.

Сағат 15.48-де ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесінің бастығы Бауыржан Арыстанбаев спутник арқылы Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Алматы қаласы әкімдігінің құтқару қызметінің құтқарушылары Аюсай шатқалындағы бірінші сарқыраманың жанынан туристтің денесін тапқанын хабарлады.

21 мамырда аустралиялық турист Үлкен Алматы көліне қарай кетіп, байланысқа шықпаған. Шетел азаматының жоғалып кету фактісі бойынша Алматы полициясы іс қозғады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті