Қазіргі уақытта облыс аумағындағы жағдай тұрақты. Халыққа қауіп жоқ.
Талғар өзеніндегі су шығыны төмендеді, секундына 23 текше метрді, бөгеттегі судың сыни өту көрсеткіші 70 текше метрді құрайды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өзенде кезекшілік және мониторингі жалғасуда.
Сонымен қатар, 2023 жылғы 21 шілдеде сағат 21:00-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Орман шаруашылығы қызметкерлерінен Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік өзенінің бассейнінде сел ағынының қалыптасуы салдарынан тас жолдың төсемі шайылып кетуіне байланысты орманшының үйінде 9 адам демалушы және 1 орманшы жол қатынасынсыз қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Күндіз олар орманшының үйінде болған, олармен байланыс болмады. Хабарлама келіп түскен сәттен бастап Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының және Республикалық жедел-құтқару жасағының күштері мен құралдарынан 11 адам мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды. Жедел топ құрылды. Жол төсемін су шайып өткендіктен ол жерге жетудің жалғыз мүмкіндігі - жаяу бару. Түні бойы құтқарушылар 9 адамнан тұратын туристер тобы мен орман шаруашылығы қызметкерін іздестірді. 22 шілдеде сағат 05:45-те Республикалық жедел-құтқару жасағы мен ТЖД іздестіру тобы туристер тобы мен орман шаруашылығы қызметкері тұрған орманшының үйіне жаяу жетті. Туристерге медициналық және басқа көмек қажет емес. Туристердің айтуынша, олар орманшының үйінде бірнеше күн болуды жоспарлап отыр.
Жамбыл ауданында тағы бір іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Мәселен, 2023 жылғы 21 шілдеде сағат 23:50-де Жамбыл ауданының Бесмойнақ ауылында ТЖД және ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағынан 11 адам мен 2 бірлік техника төрт адам іздестірді. Олар өтініш берушінің сөзінен 21 шілде күні таңертең Алматы қаласынан тауларға шығып кеткен және байланысқа шықпады. Құтқарушылар іздеу жұмыстарын жүргізді. 2023 жылғы 22 шілдеде таңертең демалушылар ұялы байланыс арналары арқылы байланысқа шықты. Медициналық көмек қажет емес, іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Жағдай тұрақты.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.