Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы тауларында адасып кеткен қыз бен жігіт табылды

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы тауларында қалып қойған қыз бен жігітті тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Республикалық жетел құтқару жасағы баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 шілде күні Талғар ауданындағы «Ақбұлақ» тау курортының жанында 19 жастағы жігіт пен 16 жастағы қыз Рахат шыңына жаяу көтерілген.

«Олардың серуені түсте басталған, алайда, мақсатты жеріне жеткенде, қараңғы түсіп, кеш батқан. Жастар өз күшін есептемегенін түсінді, алайда төмен түсу оларға қиын болды. Амалсыз көмекке жүгінді. Сағат 22:15 кезінде 7 құтқарушы, оның ішінде кинологиялық топ жолға шықты», - деп хабарлады жасақтан.
 
Түнгі уақытта іздестіру жұмысы күрделене түскен. 2,5 сағаттан соң құтқарушылар жастарды биіктігі 3 400 метр болатын Рахат шыңынан тапқан. «Құтқарушылар оларға бүкіл қажетті көмекті көрсетіп, таңғы сағат 04:00 шамасында «Ақбұлақ» базасына жасақ көлігімен жеткізді. Сондай-ақ, жастарға түсіндіру жұмысы өткізілді»,- деді ведомстводан. Еске салайық, Алматыда тауға шығатын туристер жүретін маршруттарын құтқарушылармен алдын ала келісуі тиіс.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады