Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградаларды тапсырды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Тәуелсіздік күніне орай министрліктер мен ведомстволардың қызметкерлеріне, сондай-ақ шет елдердің өкілдеріне Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградаларды тапсырды.


«Парасат» орденімен Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев пен ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров марапатталды.


ІІ дәрежелі «Достық» ордені «КАМАЗ» АҚ бас директоры Сергей Когогинге, «YDA Group» директорлар кеңесінің төрағасы Арслан Хусейнге және «YDD» ЖШС құрылтайшысы Кемертелидзе Шмагиге тапсырылды.


 

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков марапатталды.


«Құрмет» орденімен Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары Айдын Кәрімов, Премьер-Министрдің Баспасөз қызметі басшысының орынбасары Думан Хамит, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Асхат Қайнарбеков, Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиева, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сәтжан Аблалиев, Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Мәншүк Әбдікәрім, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Николай Кадюков, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов марапатталды.


 

«Ерен еңбегі үшін» медалімен ұлттық экономика бірінші вице-министрі Әсет Ерғалиев, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Жаслан Мәдиев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Асхат Жапсарбай, Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті төрағасының орынбасары Алмат Әбдікешов, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Нариман Жүнісов және Премьер-Министр Кеңсесінің бірқатар қызметкері марапатталды.


«Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен» Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лаура Ахметниязова мен Премьер-Министр Кеңсесінің бірқатар қызметкері марапатталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді