Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында 10 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Елімізде 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында 10 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және биылғы қаңтар-тамыздағы республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Мәселеге қатысты Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов баяндама жасады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, биылғы қантар-тамыз айларының қорытындысы бойынша ел экономикасының өсу қарқыны 4,9%-ды құрады. Оның ішінде нақты сектор – 4,4%-ға, ал қызмет көрсету саласы – 4,8%-ға өсті.

Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалып отыр, әсіресе құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс ең жоғары өсімді көрсетті.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,2%-ды құрады.

«Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 49%-ға, білім беруде – 31,9%-ға, саудада – 30,1%-ға, ауыл шаруашылығында – 20,7%-ға, сондай-ақ өнеркәсіпте – 8,5%-ға, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 5,7%-ға өсті. Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Маңғыстау, Абай, Түркістан және Павлодар облыстарында байқалды», — деді А.Әмрин.

Алдын ала жасалған қорытындыға сәйкес 2023 жылғы қаңтар-шілде айларындағы сыртқы сауда тауар айналымы 5,7%-ға өсіп, $79,5 млрд-ты құрады.

Экспорт $44,8 млрд-ты құрап, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты $14,2 млрд-қа жетті. Тауарлар импорты $34,7 млрд.. Жалпы, оң сауда балансы $10 млрд-қа тең.

Өңдеу өнеркәсібінде оң өсім сақталып отыр. Өндіріс көлемі 3,1%-ға өсті.

Көрсеткіштің өсімі 15 өңірде тіркелді. Соның ішінде ең жоғарғы өсімді Алматы қаласы және Батыс Қазақстан , Қостанай , Абайоблыстары көрсетті.

Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 28,1%-ға, оның ішінде автомобиль жасаудың – 42,2%-ға және электр жабдықтарын жасаудың – 34,3%-ға өсуі қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ келесі салаларда: азық-түлік өндірісінде – 4%, химия өнеркәсібінде – 3,1%, металл бұйымдарында – 6,4%, сусындар өндірісінде – 5,4%, пластмасса бұйымдарында – 7,5%, жеңіл өнеркәсібінде – 19,8% өсім байқалып отыр. 

Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 4,3%-ға жоғарлады. Бұл ретте мұнай өндіру – 6,6%-ға, газ өндіру – 3,2%-ға, өзге де пайдалы қазбаларды өндіру – 13,6%-ға, тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсету – 1,8%-ға өсті.

Металл кендерін өндіру – 1,2%-ға, көмір өндіру – 5,5%-ға төмендеді. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 11,4%-ға артты.

18 өңірде оң өсім тіркелді, әсіресе Жетісу, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Абай облыстарында құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсімі байқалды.

Биыл қаңтар-тамыз айларында 10 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға жоғары.

Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіштері Ұлытау және Абай облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы
қалаларында байқалды.

Ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 3%-ға ұлғайды. Саладағы өндірістің өсімі 15 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсімді Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Абай облыстары көрсетті.

7 экономикалық көрсеткіш бойынша жалпы өңірлер арасындағы жағдай мынадай:

Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсім 6 өңірде – Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында байқалды.

6 көрсеткіш бойынша өсім 8 өңірде тіркелді. Бұл Абай, Ақмола, Алматы, Жетісу, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары.

Ақтөбе, Жамбыл және Қарағанды облыстарында 5 көрсеткіш бойынша, Ұлытау облысы мен Астана қаласында 4 көрсеткіш бойынша, ал Атырау облысында тек 3 көрсеткіш бойынша оң өсім байқалды.

Экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларға назар аудару ұсынылады:

  • Уақытылы егін жинауды қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемін арттыру;
  • Баламалы бағыттарды белсенді іздеу мен дамыту, сондай-ақ қолданыстағы экспорт арналары есебінен тауарлардың экспортын қамтамасыз ету; 
  • Экономика салаларында инвестициялық жобаларды іске асыру;
  • Инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенінің тиімді іске асырылуын бақылау;
  • Мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде құрылып жатқан жұмыс орындары бойынша бақылау, тұрақты жұмыспен қамту үлесін ұлғайту.

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов атап өткендей, тамыз айында нақты сектор тарапынан бизнес-жағдайлардың оң бағасын сақтай отырып, инфляцияның баяулау үрдісі жалғасты.

Тамызда Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі 49,9 белгісін құрап, нейтралды деңгейде қалыптасты. Ағымдағы және келешектегі бизнес-жағдайлар оң бағаланып отыр.

«Алты ай ішінде жылдық инфляция төмендеп келеді. Оның қазіргі деңгейі – 13,1%. Жылдық инфляциядағы азық-түлік пен оған жатпайтын компоненттің үлесі азайып, ақылы қызметтер инфляциясының үлесі ұлғаюда. Жылдық инфляцияның төмендеуіне қарамастан, айлық инфляция шілдедегі 6%-дан 7%-ға дейін жеделдеді. Айлық инфляцияның өсу қарқыны орташа мәндерден жоғары қалыптасып келеді», — деді Т.Сүлейменов.

 Азық-түлік инфляциясы тамақ өнімдерін өндірушілердің және ауыл шаруышылығындағы бағаның төмендеуіне байланысты, 12,4%-ға дейін баяулады.

Жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері маусымдық кезеңге байланысты арзандап келеді, бірақ оның өсу қарқыны өткен жылдармен салыстырғанда төмен.

Азық-түлікке жатпайтын инфляция тамызда 13,5%-ды құрап, жылдық көрсеткіш баяулады. Алдыңғы айларда теңгенің нығаюына байланысты жеке пайдалануға арналған тауарлар, тұрмыстық заттар, құрылыс материалдары, дәрі-дәрмек бағаларының өсуі баяулап жатыр.

Жанар-жағармайдың сәуір айынан бастап шекті бөлшек саудадағы бағасының өсуіне байланысты, оның азық-түлікке жатпайтын инфляциядағы үлесі ұлғаюда.

Тамыз айында киім-кешек пен аяқ киім, тұрмыстық техника, автомобиль, газ бағасының айтарлықтай өскені тіркелді.

Тұрғын үй коммуналдық қызметтер тарифінің өсуіне байланысты ақылы қызметтер инфляциясы жеделдей түсті. Тарифтер тамызда 6,1%-ға, жылдық көрсеткіш бойынша – 13,9%-ға өсті.

Сонымен қатар халық тарапынан тұрақты сұраныс нәтижесінде реттелмейтін қызметтерге, атап айтқанда, қалалық автокөлікпен жүруге, ұялы байланыс қызметтеріне, жалдау ақысына бағаның өсуі сақталып отыр.

Теңге бағамы тамыздағы әлсіреуіне қарамастан, жыл басынан бері 1 доллар үшін 459,39 теңгеге дейін 0,7%-ға нығайды. Өткен айда теңгенің 3%-ға әлсіреуі доллардың жаһандық нығаюына байланысты болды.

«Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансфертті қамтамасыз ету аясында валюта сату теңге бағамына оң ықпал етті. Оның тамыз айындағы мөлшері $770 млн-ды құрады. Сонымен қатар валюта бағамына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді міндетті түрде сатуы жөніндегі норманы тамыз айында тоқтата тұруы да әсер етті. Тамызда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына $240 млн-ға валюта сатып алынды. Ұлттық Банк еркін бағам белгілеу режимін ұстанады және валюталық интервенциялар жүргізбейді. Жалпы халықаралық резервтер тамыз айының соңында $93,5 млрд-ты құрады», — деп мәлімдеді Ұлттық банк төрғасы.

Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтері жыл басынан $33,6 млрд-қа дейін, яғни 4,3%-ға төмендеді. Бұл мемлекеттік борышты төлеу мақсатында Үкіметтің валюталық шоттарындағы қаражатты конвертациялауға байланысты. Сонымен қатар салымдардың долларсыздандыру деңгейінің артуы аясында Ұлттық Банктің валюталық шоттарындағы екінші деңгейлі банктер қаражатының азаюы да әсер етті.

Ұлттық қордың активтері жыл басынан 7,5%-ға, яғни $4,2 млрд-қа ұлғайып, жалпы көлемі $59,9 млрд-ты құрады. Негізгі өсім жыл басынан 6,1%-ға немесе $3,4 млрд-ты құраған инвестициялық табыс есебінен болды. 

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттер 2,9 трлн теңгені құрады. Оларды жүзеге асыру үшін Ұлттық қордың валюталық активтері $4,9 млрд-қа сатылды. Қорға түскен түсімдер жыл басынан 3,3 трлн теңгені құрады.

Зейнетақы активтері де оң динамиканы көрсетуде. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері жыл басынан 16,8 трлн теңгеге дейін немесе 14,6%-ға ұлғайды. Инвестициялық табыс көлемі жыл басынан бері 1,1 трлн теңгені құрады. Зейнетақы жарналары 1,4 трлн теңге, ал, жарнаны мерзімінен бұрын алу сомасы 164,8 млрд теңге болды.

Жалпы, сыртқы және ішкі нарықтарда жағдай тұрақты. Ұлттық Банк макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, инфляцияны төмендету үшін қажетті шараларды қабылдауды жалғастыратын болады.

Өз кезегінде Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 12,5 трлн теңге кіріс түскенін немесе жоспар 97,2%-ға орындалғанын хабарлады. Оның айтуынша, республикалық бюджетке 8,3 трлн теңге түсіп, жоспар 89%-ға орындалды.

Салықтар бойынша жоспардың орындалмауы негізінен корпоративтік табыс салығы, шикі мұнайға экспорттық кеден бажы, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық импортқа салынатын қосылған құн салығы есебінен қалыптасып отыр.

«Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың орындалмауы 306 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының 26%-ға азаюымен байланысты. Шикі мұнайға экспорттық кеден бажы бойынша жоспардың негізгі орындалмауы экспорттық кеден бажының нақты қалыптасқан мөлшерлемесінің болжамды көрсеткіштен 13%-ға төмендеуімен байланысты болды», — деп атап өтті Е. Жамаубаев. 

Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша жоспардың орындалмауына негізгі экспорттық тауарлар бағасының орташа есеппен 15%-ға төмендеуі әсер етті. Атап айтсақ, алюминий 22%-ға, мырыш 22%-ға, қорғасын 4%-ға, мыс 7%-ға арзандаған.

Импортқа салынатын қосылған құн салығы бойынша жоспардың орындалмау себептері:

- тауарлардың жекелеген топтары бойынша импорт көлемінің төмендеуі;

- Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен импорт көлемінің 10%-ға азаюы болып табылады.

Жергілікті бюджеттердің кірістері 118,5%-ға атқарылды және 4,2 трлн теңгені құрады.

Жоспар 659 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша 610 млрд теңгеге асыра орындалып отыр.

Кірістер бойынша жоспарлар барлық өңірлерде асыра орындалды.

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,6%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,3%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,3%-ға орындалды.

Республикалық бюджет бойынша сомасы 14,5 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді.

Атқарылмау 107 млрд теңгені құрады, оның ішінде үнемдеу – 21 млрд теңге құрады. Игерілмегені – 86 млрд теңге.

Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары төтенше жағдайлар, экология және табиғи ресурстар, туризм және спорт, сондай-ақ ішкі істер министрліктерінде қалыптасты.

Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу; шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін дер кезінде орындамау; шот-фактуралармен атқарылған жұмыс актілерін уақтылы ұсынбау және басқалары.

Жергілікті бюджеттердің шығыстары 7,7 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны - 131 млрд теңге.

Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 қыркүйекке 990 млрд теңге бөлінген. Оның 97%-ы игерілді. Атқарылмағаны – 32 млрд теңге, оның ішінде 1 млрд теңге – үнемдеу. Ең көп игерілмеу: Астана қаласы, Атырау, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында қалыптасты.

Осы жылдың 8 айында камералдық бақылаумен 301 мыңға жуық мемлекеттік сатып алу рәсімдері қамтылды.

Тексеру қорытындылары бойынша 43 514 рәсім бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит нысандары бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың
93%-ын орындады. 1500-ден аса аудиторлық іс-шара өткізілді. Аудитпен 1 трлн теңгеден астам бюджет қаражаты қамтылды. Шамамен 140 млрд теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталған болатын.

Тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету мен жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу жолымен 109 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды. Аудит нысандары қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 1500-ден аса ұсыным берілді.

Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 658 нысан сату көзделген болатын.

Есепті кезеңде 307 млрд теңге сомасына 372 нысан сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді. 33 нысан сатуға қойылды. 64 нысан қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді. 189 нысан сату алдындағы дайындықта тұр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді