Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қаңтар айында Қазақстан экономикасы 5,6% өсті

ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов 2023 жылғы қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz ҚазАқпаратқа сілтеп.

Оның айтуынша, биылғы қаңтар айында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 5,6%-ті құрады. Оның ішінде нақты сектордағы өсім 2,3%, ал қызмет көрсету саласында – 7,6% көрсеткен.

"Барлық негізгі салалар бойынша оң динамика байқалады. Бұл ретте сауда, ақпарат және байланыс, сондай-ақ құрылыс салалары ең жоғарғы өсуді көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 18,3%-ті құрады. Инвестициялар ағыны өнеркәсіпте – 9,2%-ке, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 12,6%-ке, сондай-ақ ауыл шаруашылығында – 33,7%-ке, жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 33,7%-ке, көлікте және қоймалауда – 31,8%-ке өсті", - деді Т.Жақсылықов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Алдын ала қорытынды бойынша, 2022 жылы сыртқы сауда тауар айналымы 32,1%-ке өсіп, 134,4 млрд доллар болған. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 39,9%-ке өсіп, 84,4 млрд долларға дейін жетті. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 33,6%-ке ұлғайып, 26,5 млрд долларды құрады.

"Тауарлар импорты 50 млрд долларға тең. Жалпы, оң сауда балансы 34,4 млрд долларды құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 3,3%-ке ұлғайды. Саладағы өндірістің оң өсуі 15 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсімді Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары көрсетті", - деді Т. Жақсылықов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді