Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ел экономикасы 8 айда 4,9%-ға өсті

Ел экономикасы 8 айда 4,9%-ға өсті
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің қаңтар-тамыз айларында атқарылуы қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлім еткендей, есепті кезеңде Қазақстан экономикасы 4,9%-ға өсті. Атап айтқанда, нақты сектордағы өсім 4,4%-ды, қызмет көрсету саласында – 4,8%-ды құрады. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалады, құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс ең жоғары өсуді көрсетті.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,2%-ды құрады. Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 49%-ға, білім беруде – 31,9%-ға, саудада – 30,1%-ға, ауыл шаруашылығында – 20,7%-ға, өнеркәсіпте – 8,5%-ға өсті.

Қаңтар-шілдеде республиканың сыртқы сауда айналымы 5,7%-ға өсіп, $79,5 млрд-ты құрады. Экспорт $44,8 млрд-қа жетті, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты – $14,2 млрд-қа, ал импорт – $34,7 млрд-қа, жалпы алғанда, оң сауда балансы $10 млрд-қа тең.

Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың деректері бойынша есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке 12,5 трлн теңге кіріс түсті немесе жоспар 97,2%-ға орындалды. Мәселен, республикалық бюджет 8,3 трлн теңгеге, жергілікті бюджеттер 4,2 трлн теңгеге толықты. Мемлекеттік бюджет шығыстары 98,6%-ға, республикалық шығыстар – 99,3%-ға, жергілікті шығыстар – 98,3%-ға орындалды.

Премьер-Министр тұрақты экономикалық өсімге нақты сектор айтарлықтай үлес қосып отырғанын атап өтті. Мысалы, тау-кен өнеркәсібі мұнай өндіру көлемінің 6%-дан және табиғи газ өндірудің 3%-дан астам өсуі есебінен 4,3%-ға көтерілді.

Өңдеу өнеркәсібінде 3%-дан жоғары өсім тіркелді. Атап айтқанда, машина жасауда 28%-дан, оның ішінде автомобиль жасау саласында 42%-дан астам орнықты өсім қалыптасты.

Сонымен қатар өңдеу секторында жеңіл өнеркәсіп – шамамен 20%, резеңке және пластмасса бұйымдарын шығару – 7%-дан астам, дайын металл бұйымдары – 6%-дан жоғары, азық-түлік өнімдері – 4% және химия өнеркәсібі – 3%-дан астам жоғары өсу қарқынын көрсетті.


Үкімет басшысы құрылыс секторында 11,4% тұрақты өсім қамтамасыз етілгенін айтты. Жалпы 10 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

8 айдың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында барлық негізгі көрсеткіштердің өсімі тіркелді.

«Қалған өңірлер нысаналы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс», — деді Премьер-Министр.

Қабылданған шаралардың арқасында тамыз айының қорытындысы бойынша инфляция 13,1%-ға дейін төмендеді. Осыған байланысты мемлекеттік органдар мен өңір әкімдіктері азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және тамақ өндірісін ынталандыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруы тапсырылды.

«Мемлекет басшысы Жолдауда еліміздің экономикалық өсімін орта мерзімді кезеңде 6-7% деңгейінде қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл – Үкімет пен әкімдіктер үшін маңызды міндет. Осы ретте, барлығымызға экономиканың негізгі бағыттарында және өңірлерде тиісті өсімді көрсету үшін тиімді шаралар қабылдауымыз керек», — деді Әлихан Смайылов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды