Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыстық құқық бұзушылық жиілеп бара ма?

Балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыстық құқық бұзушылық жиілеп бара ма?
Фото: pixabay.com

Биыл қаңтар–шілде қорытындысы бойынша, ҚР-да кәмелетке толмаған 944 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, бұл былтырғыдан 11,5% көп, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
Олардың ішінде небәрі 64 қыз болған. Осы жасөспірімдердің ішінде 65 адам бұрын құқық бұзушылық жасаған (былтырғы сәйкес кезеңде мұндай 59 адам болған, бір жылда көрсеткіш 10,2% өскен).
Былтыр қаңтар–шілде айларында 847 кәмелетке толмаған қылмыстық жауапкершілікке тартылды, бұл бір жыл бұрынғыдан 9,1% артық.
Балалар мен жасөспірімдердің басым бөлігі ұрлық бойынша жауапкершілікке тартылған: 393 адам — былтырғыдан 8,6% артық.
Салада жиі орын алатын қылмыстардың қатарында тонау (109 адам, 13,5% көбейген), бұзақылық (85 адам, 32,8% көбейген), алаяқтық (73 адам, 40,4% көбейген) және денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (44 адам, 51,7% көбейген).
Кісі өлтірген кәмелетке толмағандар саны бірден 4 есе (бір жыл бұрын 3 адам, биыл 12 адам), зорлық жасағандар 2 есе (бір жыл бұрын 5 адам, биыл 10 адам), ұрлық 90% (19 адамнан 10 адамға), қарақшылық жасаған немесе жол қозғалысы ережесін бұзғандар әрқайсысы 83,3% (әрқайсысы 11 адам, бір жыл бұрын 6 адам) көбейді.
Өңірлер бойынша кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылуы Алматыда көп: 98 адам — былтырғыдан 58,1% көп.
Одан кейін Астана (80 адам, 33,3% көбейген), Түркістан облысы (80 адам, 9,6% көбейген) және Шымкент (67 адам, 28,8% көбейген).
Ең аз Ұлытау (6 адам), Солтүстік Қазақстан (15 адам) және Павлодар (17 адам) облыстарында.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады