Биылғы жылдың қаңтар–тамыз айларының қорытындысы бойынша ҚР министрліктерінің 111 қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша ұсталды, көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 20,7% артық, деп хабарлайды Ranking.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz
Көбіне мұндай қылмыстарды Қаржы министрлігінің қызметкерлері жасаған: 33 адам, бір жыл бұрын 31 адам болған еді, жылдық өсім 6,5%.
Одан кейін ҚР Қорғаныс министрлігі (22 адам, 83,3% көбейген), Ауыл шаруашылығы министрлігі (16 адам, 23,1% көбейген) және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (16 адам, бірден 5,3 есе көбейген).
Жемқорлық жасаған қылмыскерлердің ішінде 102 қызметкер ауыр қылмыс, 4 адам орташа ауырлықтағы қылмыс және тағы 4 адам ауыр емес қылмыс, 1 адам аса ауыр қылмыс жасаған. Министрліктегі құқық бұзушылардың 69,4%-ы пара алу кезінде ұсталды: 77 адам, былтырғыдан 63,8% көп. Тағы 14 адам сыбайлас жемқорлыққа барды, 7 адам қызмет бабын асыра пайдаланды, 6 адам пара берді, 5 адам сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе жымқыру фактісі бойынша ұсталды.
Өңірлер бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған министрлік қызметкерлерінің басым бөлігі Алматы қаласында болды: 23 адам — бір жыл бұрынғыдан 3,3 есе көп. Одан кейін Шымкент қаласы (12 адам, 4 есе көбейген) және Алматы облысы (10 адам, 9,1% азайған). Министрліктегі қылмыскерлердің саны ең аз Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында байқалды: әр облыста 2 адамнан. Жаңадан құрылған үш облыста, сондай-ақ Қарағанды және Қостанай облыстарында министрлік қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері тіркелмеген.