Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар саны бір жылда 17% өсті

Биылғы қаңтаршілде айларында республикада 7,9 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 9,5% артық. Көбіне жазатайым оқиғалар Алматыда болды: 2,2 мың ЖКО, былтырғыдан 8,1% көп. Одан кейін Алматы облысы (1,2 мың ЖКО, 5,9% азайған) және Жамбыл облысы (853 ЖКО, 48,1% көбейген), деп хабарлайды finprom.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz


Ең аз ЖКО Батыс Қазақстан облысында болды: 164 жағдай, 1,2% көбейген. Биыл ЖКО санының артуы 12 облыста байқалса, бір өңірде — Шымкентте оның саны бұрынғы деңгейде қалды, қалғандарында төмендеу тіркелді. Ескерту: жаңадан құрылған үш аймақ бойынша деректер әзірге ұсынылмаған.


2022 жылғы қаңтар–шілдеде ЖКО салдарынан 11,6 мың адам зардап шекті, бұл бір жыл бұрынғыдан 9,8% артық. Олардың ішінде жараланғандар саны 9% өсіп, 10,4 мың адамға жетті, олардың 5,8 мыңы ерлер, 4,6 мыңы әйелдер. Жараланғандардың 2,2 мыңы кәмелетке толмағандар болды, бұл 2021 жылғы қаңтар–шілдемен салыстырғанда бірден 19,5% көп. 5 мың адам ауруханаға жатқызылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18% жоғары.


Жыл басынан бері жол апатынан 1,2 мың адам қаза тапты, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 17,4% артық. Қайтыс болғандардың арасында 874 ер адам және 320 әйел бар. 113 жол-көлік оқиғасының құрбаны кәмелетке толмағандар болды, бұл 2021 жылдың қаңтар–шілде айларымен салыстырғанда 27% көп.


Өңірлер бойынша жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендердің ең көп саны Алматы (2,6 мың), сондай-ақ Алматы облысы (2 мың) мен Жамбыл (1,5 мың) облыстарында тіркелді.


Биылғы бірінші тоқсанын қорытындысы бойынша, ҚР-да белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін 1,1 млн адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұл бір жыл бұрынғыдан 0,3% артық.


Сондай-ақ, қазақстандықтар жол белгілерінде немесе жол сызбаларында белгіленген талаптарды (566,6 мың адам тартылған, бір жыл бұрынғыдан 24,7% аз) және жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушылары (144,1 мың адам, 7% көп) жол қозғалысы ережелерін бұзған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды