Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Генерал-майор Берік Біләлов кінәлі деп танылды

Генерал-майор Берік Біләлов кінәлі деп танылды
Фото: gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысы ҚАЖД бастығының уақытша міндетін атқарушы генерал-майор Берік Біләлов алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты үкім шығарды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сот үкімі бойынша, Біләловке бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалған. Сондай-ақ, ол 10 жылға мемлекеттік қызметте, сот билігінде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банк пен оның ведомстволарында, басқа да мемлекеттік ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқару құқығынан айырылды.

Бұрынғы жоғары лауазымды полиция қызметкері жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде өтейді.

Сондай-ақ, сот Президент атына Біләловті "II дәрежелі Даңқ" орденінен және полиция генерал-майоры атағынан айыру туралы ұсыныс енгізді.

Бұған дейін генерал-майор Берік Біләловке қарсы қылмыстық іс тергеліп жатқаны хабарланған болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді