Mudarabah capital мен Astex қаржы пирамидаларының атышулы ісі бойынша үкім шықты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар қауіпсіздігі төмен режимдегі колонияда жазасын өтейді. Екеуі қаржы пирамидасын құрды деген айып бойынша кінәлі деп танылды.
Прокурор ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) басшысы деп таныған Алмас Құрманғалиевті кінәлі деп тауып, 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу жөнінде үкім шығарды.
Сот барысында Astex компаниясының директорын қорқытқан Руслан Бұрқанов та ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны үшін кінәлі деп танылды. Жазасы ол 12 жыл қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.
Басқа айыпталушылар мынадай жазаға тартылды:
- Дания Рахимова – орташа қауіпсіздік мекемесінде 10 жыл.
- Ержан мен Ерлан Мансұровтар – 9 жыл колонияда.
- Тимур Рүстемов – 12 жылға бас бостандығынан айырылды.
- Нұрлан Сұлтанбаев – 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
- Андрей Ча – 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
- Самат Қасенов – 8 жылға бас бостандығынан айырылды.