Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында суға батып бара жатқан қыздарды банк қызметкері құтқарып қалды

Павлодар облысы Ақсу қаласында жергілікті банк қызметкері суға батып бара жатқан екі қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Оқиға 17 шілдеде болған. Сол күні Ақсу қаласының 30 жастағы тұрғыны Дәурен Үсенов отбасымен бірге қалалық жағажайда демалып жүрген және қоршалған қауіпсіз шомылу аймағынан тыс жерде екі қыздың тұрғанын көрген. Қыздар суда ойнап жүрген. Бір сәтте олар жоғалып кетіп, кенеттен біреуінің көмекке шақырған дауысы естілген.

Дәурен бастапқыда балалар ойнап жатыр деп ойлаған, бірақ сол маңдағы әйелмен оның баласы да көмек сұрап айқайлаған соң қыздарға қарай жүгірген. "Бір кезде қыздар көрінбей кетті, бұған дейін олардың төбелері көрініп тұрған. Телефон, көзілдірік және бас киімді құмға тастап, суға сүңгіп кетіп, балаларды алып шықтым", - дейді Ақсу тұрғыны. Дәурен сол маңда болған бірнеше адамның да "көмек керек пе деп" сұрап, жүгіргенін айтады.  

Оның сөзінше, судың тереңдігі шамамен бір жарым метр болған. "Әрине, балалар үшін мұндай тереңдік суға батып кету үшін жеткілікті", - дейді банк қызметкері.   Дегенмен қыздар тек су жұтып қойған екен. Ал Дәурен Үсенов ерлік жасадым деп есептемейді. "Мен өз өміріме қауіп төндірсем де, оларды құтқару үшін барлығын жасар едім", - дейді ол. Дәурен балалардың ата-аналары қайда болғанын сол күйі түсінбеген. Қыздар оған алғысын айтып, жүгіріп кеткен.  

Оның айтуынша, қыздардың үлкені шамамен екінші сынып оқушысы, ал кішісі бес жаста.  Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысының тағы бір тұрғыны суға батып бара жатқан ағайынды үш баланы құтқарып қалғанын хабарлаған едік. Кейін өңір әкімі Әбілқайыр Сқақов оған ерлігі үшін  алғыс айтып, туған ауылынан тұрғын үйдің кілтін табыстады. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда