Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарлық азамат суға батып бара жатқан үш баланы құтқарып қалды

Павлодар облысында жергілікті тұрғын суға батып бара жатқан ағайынды үш баланы құтқарып қалды. Оқыс жағдай болғанда ер адам сол жерде балық аулап жүрген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. 

Басылым мәліметінше, оқиға 13 шілдеде сағат шамамен 15.00-де Ақтоғай ауданы Приреченск ауылында болған. Суға батып кете жаздаған балалардың анасының айтуынша, сол күні 9 жастағы үлкен ұлы мен жеті жастағы егіз ұлына ойнап келуге рұқсат берген.

Кейін балалар Ертістің жанында тұратын досына барған, ал ол суда "секіріп ойнауды" ұсынған көрінеді. "Егіздер суға түспеген. Ал үлкен ұлым суға түскен екен. Су оның тізесінен келген. Ұлым суда тұрып секіре бастаған. Бір сәтте ол суға құлап, оны ағын алып кеткен. Мұны көрген егіздер оған көмектесуге асығып, суға түскен", - дейді балалардың анасы. Абырой болғанда ағайындылар суға түскен маңда "Ақтоғай-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 33 жастағы қызметкері Андрей Карандашов балық аулап жүрген. Балалардың бата бастағанын көрген ол бірден көмекке ұмтылған.

"Мен балалардың жақын жерде жүргенін байқадым. Қармақтарымды жинап жатып, кенет балалардың суда жанталасып жатқанын көрдім де, айқайладым. Бірақ олар үнсіз болды. Кенеттен біреуі төңкеріліп, түбіне кетті. Мен бұл қайғылы жағдай екенін бірден түсіндім. Киімдерімді шештім де суға сүңгідім. Біріншісін, екіншісін шығардым. Ал үшіншісіне көмекке барғанша, ол судың астына бата бастады", - дейді ер адам.

Дегенмен Андрей үшінші баланы да құтқарып, жағаға алып шыққан. Сөйтіп барлығына алғашқы медициналық көмек көрсеткен. "Үшінші бала су көп жұтып қойды. Әрі қатты тұншығып қалғандықтан, аман қалмайды-ау деп ойладым. Бірақ берілместен, оған соңына дейін жасанды дем беріп, жұтқан суын шығаруға тырыстым. Көп ұзамай жедел жәрдем мен полиция келді", - дейді ол. Андрейдің айтуынша, көмекке ұмтылғанда ол өзі батып кетуі мүмкін деп ойламаған.

Оның ең бастысы мақсаты балаларды құтқару болған. Айта кетейік, бұл Андрей Карандашовтың алғашқы ерлігі емес. Ол небәрі 13 жасында көз алдында суға батып кеткен сегіз жасар баланы құтқарып қалған. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді