Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жел, бұршақ: Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылдық ескерту жарияланды

Метеорологтар еліміздің көптеген өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды kazlenta.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Синоптиктер мәліметінше, бүгін, 9 тамызда Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында жел соғады. Оның екпіні кейбір өңірде 23 метр секундқа жетуі мүмкін.Сонымен қатар Қазақстанның бірқатар облысында найзағай жарқылдайды.

Олардың қатарында Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы бар.Бұдан бөлек мамандар бүгін Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары мен елордада бұршақ жауады деп отыр.

Ауа райын болжаушылардың дерегінше, 9 тамызда Нұр-Сұлтан қаласы мен Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында тұман түсуі ықтимал және Ақмола, Қарағанды, Ұлытау облыстарында жаңбыр күтіледі. Синоптиктер елорда да жауын болуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды