Кәсіпорын болжамына қарағанда, 25 шілде күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, облыстың орталығында шаңды дауыл тқрады. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с болады. Күндіз 43 градус ыстық болады.
Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 25 шілдеде күндіз 41 градус ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. 25 шілдеде Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың шығысында бұршақ жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с. Ақтауда 25 шілдеде найзағай ойнайды. 25 шілдеде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батысында жел соғады, найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Атырауда 25 шілдеде найзағай ойнайды.
Күндіз 25 шілдеде Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Оралда 25 шілдеде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 18 м/с. 25 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде нөсер жауын жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ақтөбеде 25 шілдеде найзағай рйнайды. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с болады.
Күндіз 27 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. 25-27 шілдеде солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз 27 шілдеде облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде 42 градус ыстық болады. 25-27 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда күндіз 27 шілдеде 40 градус ыстық болады. 25-27 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.