"Қазгидромет" РМК өкілдері Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды Kazlenta.kz
Синоптиктердің болжамынша, 11 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында таңертең және күндіз найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. 11 шілдеде түнде Ақмола облысының шығысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнауы мүмкін. Сондай-ақ солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. 11 шілдеде күндіз Атырау облысында 39 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында, солтүстігінде өрт қаупі сақталады. 11 шілдеде күндіз Атырау қаласында да 35-37 градусқа дейін қатты ыстық болуы мүмкін. 11 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде де 40 градус қатты ыстық күтіледі. Сонымен қатар 11 шілдеде Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі.
Солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. 11 шілдеде Павлодар қаласында да солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. 11 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғып, найзағай кезінде екпіні 16 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Облыстың батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. 11 шілдеде күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Одан бөлек солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Облыстың басым бөлігінде және Қызылорда қаласында өрт қаупі сақталады. 11 шілдеде таңертең және күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Сондай-ақ солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
Күндіз облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. 11 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 38 градусқа дейін, облыс орталығы Орал қаласында 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында өрт қауіпі сақталады. 11 шілдеде күндіз Жетісу облысының орталығында, солтүстігінде және таулы аудандарында, сондай-ақ Талдықорған қаласында найзағай күтіледі. Бұдан бөлек өңірде солтүстік-батыстан жел соғып, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. 11 шілдеде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.
Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында күн тұманды болуы ықтимал. Сонымен қатар өңірде солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20, 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. 11 шілдеде күндіз Петропавл қаласында да найзағай, бұршақ жел күтіледі. Желдің күші найзағай кезінде 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
11-07-2022, 09:18
Еліміздің бірқатар өңірінде 40 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз