Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында пилоттық жоба жалғасын табады

Жамбыл облысында пилоттық жоба жалғасын табады
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Жамбыл облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін 2019 жылы пилоттық жоба қолға алынып, сәтті жүзеге асқан болатын. Аталмыш пилоттық жоба  үй іргесіндегі жерлерді пайдалану, мал басын көбейту, ауыл сыртындағы жерлерді пайдалану, техника беру, кәсіп ашуға қолдау көрсету сияқты бес бағыт бойынша жүргізілді.

Соның нәтижесінде 11 ауылдың өзінде 45 мыңнан астам мал сатып алынды, 10 мың гектардан астам жер біріктіріліп, кооператив құрылды, ауылшаруашылық техникалары алынып, қайта өңдеу, жылыжай сынды ауылшаруашылық бағытындағы 11 кәсіп ашылды. Сондай-ақ, осы жобаның нәтижесінде 2282 кәсіпкер ресми тіркеліп, жаңа жұмыс орындары ашылды.

Облыстың бірқатар ауылдарында сәтті жүзеге асқан осы пилоттық жоба биыл да жалғасын таппақ. Бұл туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен кезекте аппараттық кеңесте айтылды. Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған жоба облыстың тағы 10 ауылында жүзеге асырылатын болады.

Басқосуда бұдан бөлек маңызды деген короновирустың алдын алу мен өңірдегі жайылымдық жерлердің тапшылығын төмендету мәселелері де қаралды. Аймақ басшысы короновирустық инфекцияға қарсы ревакцинация жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Жиын барысында мұнан соң, егін жинау жұмыстарының жайы,  ауыл тұрғындарының табысын арттырып, тұрмысын жақсартуға бағытталған пилоттық жобаны іске асыру бойынша мәселелер қаралды.

Аталған мәселе бойынша Жамбыл облысы әкімдігі ауылшаруашылық басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов аймақта егін ору науқаны басталғанына екі аптадан аса уақыт өткенін, қазіргі таңда бұл жұмыстар Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Сарысу, Шу аудандарында қызу жүріп жатқандығын атап өтті. Өз сөзінде Ербол Жиенқұлов сондай-ақ, «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасын жалғастыру үшін бүгінгі таңда тағы 10 ауылдық округі  айқындалғанын жеткізді. Бұл бағытқа «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы несиелендіруге бөлінген 6 млрд. 47,5млн. теңге көлемінде қаражат қарастырылуда екенін тілге тиек етті.

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов аталған мәселелер бойынша дайындық жұмыстарын жүйелеп іске асыруды, дайындық барысын алдын ала пысықтауды  тапсырды. Аймақ басшысы сонымен қатар облыс орталығының құрамына енген, қала іргесіндегі мал шаруашылығына бейім жерлерді, тұрғын алқаптардың да жобаға ену мүмкіншілігін қарастыруды тапсырды.

Жиынға бейнеконференция байланысы режимінде аудан әкімдері де қатысты.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді