Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мырзахметов: Бастапқы кезеңде облыстың 10 ауданының округіне 7,2 млрд теңге қажет болады

Бүгінгі таңда Жамбыл облысы тұрғындарының жалпы саны 1 миллион 125 мың адамға жеткен. Ал оның 60 пайызы (680мың) ауылдық жерлерде тұрады. Жамбыл өңіріндегі қала тұрғындарының 532 мыңы еңбекке жарамды болса, ауылды жерде олардың саны - 328 мың адам.

Жамбыл облысы тұрғындарының әл-ауқатын арттыру бойынша пилоттық жобаның қыр-сырымен таныстырған облыс әкімі Асқар Мырзахметов.


- Ауылдық жерлердегі жұмыссыздардың санын азайту үшін қосалқы шаруашылықтарға қолдау көрсету. Мұндай шаруашылықтарды күнкөріс пен табыс көзі ретінде қарауға толық негіз бар. Себебі облыста ауыл шаруашылығының 40 пайызын, ет пен сүттің 60 пайызын осы қосалқы шаруашылықтар өндіруде. Бұл өндіріс мемлекеттің қолдауынсыз жүзеге асырылып жатыр. Сондықтан бұл қосалқы шаруашылықтарды одан әрі дамыту, жақсарту үшін мемлекет тарапынан осы шаруашылықтарда қолдау керек деп ойлаймын. Әрі мұндай саясат өндірісте де септігін тигізеді. Халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға арналған Президент тапсырмасына сәйкес, облыстағы 138 мың ауылды арлап, толық зерттедік. Осы шаралардың нәтижесінде айына 25-30 мың теңгеден бастап, 500 мң теңгеге дейін қосалқы шаруашылығынан қаржы тауып отырған отбасыларды анықтадық, - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, қосалқы шаруашылық – ауылдық жерлерде немесе қала маңындағы жер учаскеінде өз қажеттіліктерін өтеуге арналған қызмет. Аталмыш қызмет ҚР «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» Заңымен реттеледі.


Жамбыл облысы әкімі қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғалардың табысының төмен болу себептерін атап, оларды қолдау шараларының бес бағыты туралы баяндап берді


- Табыстың төмен болуының бірнеше себептері бар. Орталықтандырылған сатып алу тетіктерінің болмауы, көлік инфрақұрлымы, жеп-шөп аздығы секілді мәселеллер табысты азайтады. Сондықтан кешенді қолдау шарасы қажет. Жоба бес бағыт бойынша мемлекеттік қолдау шараларын қарастырады. Біріншісі – өсімдік шаруашылығы, одан кейін – мал және құс шаруашылығын дамыту үшін үй іргесіндегі телімдерді тиімді пайдалану. Сонымен қатар елді мекендерден тыс жерлерде әр ауыл тұрғынына тиесілі жер ресурстарын тиімді пайдалану, әр ауылдық округте қажетті техника, құрал-жабдықтармен және айналым қаражаттарымен кооператив құру бағыттары бар, - деді ол.

Жамбыл өңірі тұрғындараның әл-аууқатын арттыру бойынша жобаны іске асыруға 2020 жылдың соңына дейін игеру кезеңімен шамамен 46,4 млрд теңге қажеттілігі тумақ.


- Осы, 2019 жылы бастапқы кезеңде облыстың 10 ауданының 10 ауылдық округіне 7,2 млрд теңге қажет болады. Сонымен қатар 2459 шағын несие беруге, оның ішінде 492 стартап-жобаға жұмсау қаралды. Ал шағын несиелерді ауылдық елді мекендерде және шағын қалалардағы тұрғындарға жылдық 2,5% және 7 жылдан аспайтын мерзімге беру жоспарладық, - деді облыс әкімі.


Фото : пресс-служба

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты