Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Резидент емес тұлғалар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде ЭЦҚ ала алады

Пилоттық жоба шеңберінде бейрезиденттер электрондық цифрлық қолтаңбаларды еліміздің елшіліктері мен консулдықтары арқылы ала алады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Пилоттық жобаны ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ҚР Сыртқы істері және ҚР Ішкі істер министрлігімен бірге іске асырды.

Бұл жоба Вашингтон, Сеул, Бішкек, Мәскеу, Прага, Дубай, Нью-Йорк, Санкт-Петербург, Майндағы-Франкфурт, Стамбұл және Бейжің қалаларында орналасқан Қазақстан Республикасының 11 дипломатиялық өкілдіктерінде жүзеге асады.

Жобаның негізгі мақсаты – әлеуетті шетел инвесторлардың Қазақстанның онлайн аукциондарына қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Резидент емес жеке тұлғалар ЭЦҚ-ны «бір терезе» қағидаты бойынша ала алады. Ол үшін шетел азаматтардың өзімен бірге төлқұжаты, төлқұжатының электрондық көшірмесі (pdf форматында), аты-жөнінің кириллицаға, қажет болған жағдайда латын әліпбиіне (pdf форматында) нотариалды куәландырылған аудармасының электрондық көшірмесі және USB-flash жинақтаушы (ЭЦҚ кілттерін сақтау үшін) болуы қажет.

Резидент емес заңды тұлғалар алдын ала Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында тіркеліп, БСН-ді онлайн алу арқылы ЭЦҚ-ны Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінен де ала алады.

Қызмет 2 жұмыс күні ішінде тегін көрсетіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді