Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Премьер-Министр Каспий құбыр консорциумына қатысты пікір білдірді

Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов Qazaqstan телеарнасына сұхбат беріп, Каспий құбыр консорциумына қатысты пікір білдірді. Үкімет басшысы бүгінде мұнай экспортына ешқандай шектеу қойылмағанын айтты, деп хабарлайды Kazlenta.kz

Әлихан Смайылов Ресейдегі геосаяси оқиға салдарынан сауда-саттыққа байланысты логистикалық мәселелер туындағанын растады. Алайда олар уақытылы өз шешімін тапқан.

"Соңғы бір мысал – КҚК мұнай құбыры бойынша Новоросийсктегі аудандық сот 5 шілде күні КҚК жұмысына бір айға шектеу қойды. 6 шілде күні біз ресейлік әріптесіміз – үкімет төрағасымен байланысып, сол күні мәселені шештік. КҚК құбырының жұмысы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Мұнай экспортына ешқандай шектеу қойылған жоқ. Сондай мәселелер күнделікті туындайды, біз бұл мәселелерді шешу үшін көршілес елдердің үкімет басшыларымен тығыз байланыстамыз, күнделікті проблемаларды жедел түрде шешуге шара қабылдаудамыз. Бұл – жедел шаралар", - деді Әлихан Смайылов Ұлттық арнада "Жаңа Қазақстан" бағдарламасында. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді