Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан Премьер-Министрі Ә. Смайылов Әзербайжан Премьер-Министрі А. Асадовпен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Әзербайжан Республикасының Премьер-Министрі Али Идаят оглы Асадовпен телефон арқылы сөйлесті.

Әзербайжан Республикасының Премьер-Министрі А. Асадов Ә. Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

А. Асадов деструктивті күштердің агрессиясы салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтты, сондай-ақ еліміз үшін осы қиын сәтте Қазақстан халқына деген қолдауын білдірді.

«Әзербайжан – Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі. Біздің елдеріміз арасында сындарлы саяси диалог және екіжақты қарым-қатынастардың кең саласы бойынша жемісті өзара іс-қимыл жолға қойылған. Біз өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және тереңдетуге ниеттіміз», – деді Ә. Смайылов.

ӘР Премьер-Министрі А. Асадов ҚР Премьер-Министрі А. Смайыловты өзіне қолайлы уақытта Әзербайжанға келуге шақырды.

Әзербайжан – Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық серіктесі. 2021 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі $261 млн құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен үш есе көп және 2019 жылғы пандемияға дейінгі деңгейден едәуір артық.

Биыл Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
Мультимедиа
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті
Алматы Халықаралық әуежайының жаңа терминалы 87% дайын