Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Смаилов «Shell» компаниясының атқарушы вице-президенті П. Костелломен кездесу өткізді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Shell» компаниясының атқарушы вице-президенті Питер Костелломен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Кездесу барысында Қазақстан мен SHELL компаниясының арасында инвестициялар тарту, сондай-ақ энергетика саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастықты дамыту мәселесі қаралды. Атап айтқанда, тараптар өткен жылғы жұмыс қорытындылары мен 2022 жылға арналған жоспарларды талқылады.

«Біздің ынтымақтастығымыз алдымызда тұрған міндеттерді, бірінші кезекте жаһандық сын-қатерлерді еңсеруге, сондай-ақ өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді», — деді ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов.

Өз кезегінде Питер Костелло Қазақстан «Shell» компаниясының стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. Екіжақты өзара тиімді жұмыс одан әрі жалғасатын болады. 

Мұнай-газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында ҚР Премьер-Министрі Үкімет Шетелдік инвесторлар кеңесінің қазақстандық қауымдастығымен бірлесіп жақсартылған модельдік келісімшартты енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады. Бұл келісімшарт фискалдық және реттеушілік преференциялар пакетімен бірге жаңа теңіз жобаларына, құрлықтағы күрделі жобаларға және газ жобаларына қолданылатын болады.

«Қазіргі уақытта біз қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Қазақстандағы мұнай-газ жобаларын дамыту біздің стратегиялық әріптестеріміз үшін одан да тартымды болатынына сенімдіміз», — деді Ә. Смайылов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді