Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2021 жылы атқарған жұмысының қорытындылары, соның ішінде азаматтардың құқықтарын қайта қалпына келтіруге көмектесу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Эльвира Әзімова Мемлекет басшысына сотқа дейінгі тергеу сатысында оның ішінде қаңтар оқиғасы аясында адам құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде баяндады. Сонымен қатар Президентке құқық қорғау органдарының қызметі туралы заңнаманы жетілдіру, төтенше жағдай режимі кезінде адам құқықтарын қорғау және алқабилер сотының мандатын кеңейту жөнінде ұсыныс берілді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Конституциялық сотқа жүгіну құқығын беру туралы Президент бастамасы аясында омбудсмен Мемлекет басшысына Еуропа Кеңесі Венеция комиссиясының ұсыныстары жөнінде жеткізді. Аталған бастама Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырдағы Жолдауында айтылды.

Эльвира Әзімова Президентке адам құқықтары саласындағы екінші шаралар топтамасы бойынша әзірленіп жатқан ұсыныстарды таныстырды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді. Мемлекет басшысы уәкілдің Бас прокуратурамен тығыз байланыста болып, халыққа тергеу нәтижелері туралы кеңінен ақпарат беру қажет екенін атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді