Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Президенті Анджей Дудамен телефон арқылы сөйлесті

Польша тарапының бастамасымен болған әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Анджей Дуда екіжақты қарым-қатынастардың және халықаралық күн тәртібінің өзекті проблемаларын, соның ішінде Польшаның 2022 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығына қатысты мәселелерді талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қазақстан Президенті польшалық әріптесін Варшаваның алдағы жылғы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығымен құттықтап, іс жүзінде тығыз ықпалдастық орнатуға, соның ішінде ЕҚЫҰ-ның 2010 жылғы Астана саммитінде қабылданған мәлімдемелерді жүзеге асыруға дайын екенін нақтылады.  

Анджей Дуда Қасым-Жомарт Тоқаевқа Польша төрағалығының негізгі басымдықтары, соның ішінде шиеленісіп кеткен қақтығыстарды Ұйым аясында реттеуге септігін тигізу жөнінде мәлімет берді.

Тараптар Қазақстан мен Польша арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Экономиканың негізгі секторларындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге екі жақ та мүдделі екенін білдірді.

Қазақстан мен Польша президенттері Ауғанстандағы қазіргі ахуалға қатысты пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Анджей Дуда ауған дағдарысы гуманитарлық проблемаларды, терроризм мен экстремизмге, заңсыз миграция мен есірткі тасымалына қарсы күрес мәселелерін шешу үшін барлық мүдделі тараптың белсенді әрі конструктивті түрде атсалысуын қажет етеді деген ортақ пікірге келді.

Әңгімелесу соңында президенттер алдағы кезеңге арналған екіжақты іс-шаралар кестесін талқылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты