Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ел Президенті Катар экономикалық форумының ашылу рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Катар әмірі Тамим бен Хамад Әл Тәнидің жеке шақыруымен "Жаһандық экономиканы қалыпқа келтіруде теңдікке қол жеткізу" атты екінші Катар экономикалық форумының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Аталған маңызды іс-шара Bloomberg агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылды және шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнидің қамқорлығымен өткізіліп отыр.

Форум "Мемлекеттердің экономикалық дағдарыстан шығу мәселесі" тақырыбына арналған. Форум жұмысына мемлекет басшысынан бөлек Того президенті Фор Гнассингбе, Намибия президенті Хаге Гейнгоб, Грузияның премьер-министрі Ираклий Гарибашвили, сондай-ақ Еуропа, Азия және Африка елдерінің бірқатар министрі мен үкіметтерінің лауазымды тұлғалары қатысады.

Сонымен қатар форум сессияларына Honeywell, Asyad Group, Ислам даму банкі, Tesla, Qatar Airways, The Boeing Company, QatarEnergy, Kuwait Petroleum Corporation, Southwest Holdings, Accor, Marriott International, Tingo, National Petroleum Corporation of Namibia, MeTL Group, Volkswagen, Dorna Sports, International Airlines Group, Infarm, Vitol, Franklin Templeton, Тhyssenkrupp, Roubini Macro Associates, DAMAC Properties, Trip.com  Group, Standard Chartered, Exxon Mobil Corporation, Google Cloud және басқа да халықаралық жетекші корпорациялар мен ұйымдардың басшылары жиналды. Форумды Катар Әмірі Тамим бен Хамад Әл Тәни ашты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "In Conversation with President Tokayev" атты арнайы панельдік сессияға қатысады деп жоспарланған. Оны Bloomberg Television жүргізушісі Манус Крэнни жүргізеді. Катар экономикалық форумының қорытындысы бойынша жаһандық өсімнің келесі кезеңінің жоспары әзірленіп, пандемиядан кейінгі әлемді қалыптастыру үшін нақты шешімдер ұсыну көзделіп отыр. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді