Мемлекет басшысы гендірлік теңдік саласындағы күш-жігтерді үйлестіруге арналған "Ұрпақ теңдігі" атты жаһандық форум қатысушыларына видеоүндеу жасайды.Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша, шамамен сағат 19.15-те Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “БҰҰ – әйелдер” құрылымының Франция және Мексика үкіметтерімен бірлесіп ұйымдастырған “Ұрпақ теңдігі” атты жаһандық форум қатысушыларына бейне үндеу жасайды, – деп жазды Берік Уәли Facebook-парақшасында.
Президенттің баспасөз хатшысы виртуал форматта өтетін жиын гендерлік теңдік саласындағы жаһандық күш-жігерді үйлестіруге арналғанын айтты.