Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"ҚазТемірТранс" лауазымды тұлғалары заңсыз байып кету схемасын жасады деген күдікке ілінді

ҚазТемірТранс лауазымды тұлғаларын заңсыз байытудың қылмыстық схемасы әшкереленді, деп хабарлайды, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасаған kazlenta.kz
Антикордың мәліметінше, ел жүк вагон паркінің ірі операторы - «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының лауазымды адамдарын заңсыз байытудың қылмыстық схемасы ашылып, жолы кесілген.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет квазимемлекеттік сектордағы жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруда. Жедел өңдеу нәтижелері бойынша Қазақстан Темір Жолы еншілес кәсіпорындарының бірінің, атап айтқанда Қазақстан Республикасы жүк вагон паркінің ірі операторы болып табылатын «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының лауазымды адамдарын заңсыз байытудың қылмыстық схемасы ашылып, жолы кесілді. Қоғамның және оның өңірлік филиалдарының лауазымды тұлғалары жүк вагондарының тапшылығын пайдалана отырып, кейбір жағдайларда осындай тапшылықты жасанды түрде жасай отырып, проблемаларды шешудің орнына, осы жағдайды өздерінің пайдакүнемдік мақсаттарында пайдалана отырып, жүк вагондарын кедергісіз және жеделдетіп бергені үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алғаны анықталды", - делінген хабарламада. 
Ведомство таратқан ақпаратқа сай, тұрақты пара алудың белгіленген схемасына филиалдардың қызметкерлері мен басшылары, сондай-ақ бас кеңсе бөлімшелерінің менеджерлері мен бастықтары қатысқан. Ақша қаражаттары, әдетте, лауазымды тұлғалардың немесе олардың сенімді адамдарының, оның ішінде жақын туыстарының карт-шоттарына аударылып отырған.
"Қоғамның Ақмола филиалының бір ғана басшысы 2020 жылдан бастап 70 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз алып, оның басым бөлігін Щучье-Бурабай курорттық аймағының ойын мекемелеріне жүйелі түрде бару арқылы жұмсаған. Қоғамның Қарағанды филиалының бұрынғы және қазіргі басшылары да осындай қылмыстар жасады деп күдіктелуде. Барлық аталған тұлға ұсталды және тергеу сотының санкциясымен 2 айға қамауға алынды. Сондай-ақ ақшалай қаражатты заңсыз алуда Қызылорда филиалының басшысы мен Қоғамның орталық аппаратының бірқатар қызметкерлері әшкереленді. 
Басқа лауазымды тұлғалардың қатысуы тексерілуде. Айта кетсек, жүк вагондарының уақтылы жеткізілмеуіне байланысты жүк жөнелтуші кәсіпорындар жеткізілімдердің бұзылуына жол береді, үлкен шығындарға ұшырайды және пара беру арқылы өз мәселелерін шешуге жүгінуге мәжбүр. Сонымен бірге бұл шығындардың барлығы тауарлар бағасының өсуіне әсер етеді. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жариялауға жатпайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерлерді барлық мәселелерді тек құқықтық салада шешуге шақырады", - деп жазылған хабарламада. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді