Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Антикор кәсіпкерлік қызметпен айналысатын лауазымды тұлғаларды жауапқа тартты

Қарағанды облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет заңнамалық тыйымға қарамастан кәсіпкерлік қызметпен айналысқан лауазымды тұлғаларды анықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі басшысының орынбасары мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға теңестірілген тұлға ретінде қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұза отырып, кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

Оның атына тіркелген ЖК Теміртау Мәдениет сарайына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жауыртаудағы кездесу» фестивалін өткізу бойынша 3,9 млн.теңге сомасына қызмет көрсетті.

Осыған ұқсас факт Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының аудандық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманына қатысты анықталды.

Оның ЖК мемлекеттік органдар мен ұйымдарға кең тұтынылатын азық-түлік емес тауарларды жеткізумен айналысқан.

Аталған тұлғалар Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ӘҚБтК-нің 154-бабы бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысына 408 380 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жалпы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы жылдың басынан бері 109 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғап, 31,2 млн.теңге көлемінде айыппұл салды. Әкімшілік жауапкершілікке 100 Жеке және 2 заңды тұлға тартылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді