Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты қабылданып жатқан шаралар жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Агенттіктің дерегі бойынша биылғы 5 айдың ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты 1000-нан астам қылмыстық іс тіркелген. 600-ден астам лауазымды тұлғаның жемқорлық әрекеті әшкереленген. Олардың 110-ы – әртүрлі деңгейдегі басшылар.

Олжас Бектенов мемлекетке келтірілген залалдың өтелуін қамтамасыз ету жөніндегі Президент тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімет берді. Жыл басынан бері ел бюджетіне 220 миллиард теңгеден астам қаржы қайтарылды.

Мемлекет басшысына Агенттіктің бизнеске заңсыз араласудан қорғау тетіктерін қалыптастыру үшін шаралар қабылдағаны жөнінде баяндалды. Іс-қимыл алгоритмі әзірленген. Соған сәйкес тергеп-тексерудің басталуы мен кәсіпкерлерге қатысты кез-келген тергеу амалдары орталық аппараттың келісімі арқылы жүзеге асырылуға тиіс.

Сонымен қатар «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, мемлекеттік органдардың бизнеске заңсыз араласу фактілеріне жедел назар аударатын жұмыс тобы құрылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды күшейту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алды
90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан "Алтын Орда" халықаралық турнирі өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшілері соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады