Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент тұрғыны үйінде оқ-дәрі сақтаған (видео)

 

Шымкенттік полицейлер жергілікті тұрғынның үйінен 1200-ден астам оқ-дәрі тәркіледі, Polisia.kz-ке сілтеме жасап kazlenta.kz деп хабарлайды 


14 мамырда Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынның “Опель Вектра” маркалы автокөлігінде және үйінде сақтаған әр түрлі калибрлі 1200-ден астам оқ-дәрілерін анықтап, тәркіледі.



Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігімен (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.


Осы баптың санкциясы бойынша күдікті тұлғаға 2000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, сондай-ақ 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


<!--more-->Күдікті полицияға жеткізіліп, қазіргі таңда орын алған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.


Фото: видеодан кадр
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты